Жыл үздігі 2019

Құрметті ақтөбеліктер және өнерсүйер жастар!

Қаламыздың айтулы мәдени шараларында аянбай өнерлерін паш етіп жүрген "Халықтық" "Сұңқар" вокалды ансамблінің @sunkar_official_page  ең үздік орындаушылары арасында вокальдық мүмкіндіктерін анықтайтын "Жыл үздігі 2019" атты концерттік кешіне шақырады!

Концертте жас өнерпаздар  жанды дауыста ән шырқап, өнерлерін ортаға салады.

Сахнаға жаңа қадам басқан жас әншілердің ең үздігі "Үздік әнші 2019" статуэткасына қол жеткізеді.

Құрметті ән сүйер қауым, жас өнерпаздардың рухын көтеріп, қолдау үшін концертіміздің қонағы болыңыздар!

�����