29.03.24 ж. сағат түнгі 03:00 жағдай бойынша
Ақтөбе қаласында уақытша эвакуациялық пункт ретінде 53 мектеп дайындалса, соның 35-інде тұрғындар орналастырылды. 1193 адамның 468-і - бала.
Азаматтарды қауіпсіз жерге көшіруге облыстық әкімдік қызметкерлері, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, волонтерлар және жастар, ерікті жандар тартылды.