Новости

Ақтөбе облысы: Су тасқынынан зардап шеккен 94 отбасы біржолғы төлем алды    Ақтөбе өңірінде табиғи апаттан жапа шегіп, қиын жағдайға түскен отбасыларға арналған бірреттік төлем беру жалғасуда. Соңғы үш күнде 88 отбасы 300 мың теңгеден және 6 отбасы 369 200 теңгеден алды. Берілген төлемнің жалпы құны 28 миллион теңгеден асады.    Облыс бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді алуға барлығы 346 өтініш берілді.

Категория: 

Әсет Отарбаев Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы  

Категория: 

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер материалдық шығынды өтеуге 300-ден астам өтініш берді Облыс бойынша 94 зардап шеккен тұрғынға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленді. Жалпы 2024 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша біржолғы төлемді алуға 346 отбасы ниет білдірген.  Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерле

Категория: 

Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан 97 өтініш келіп түскен  2024 жылдың 30 наурызынан бастап Әйтеке би ауданы бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады. Бүгінгі таңда тұрғындардан 97 өтініш келіп түсті. 30 наурыздан 6 сәуір аралығында түскен өтініштер бойынша комиссия залал келтірілген үйлерді аралап шықты. Сонымен қатар, 6 сәуірден бастап тәуелсіз бағалау және техникалық тексеру мамандары өз жұмыстарына кірісті.

Категория: 

Ақтөбедегі екі су қоймасының толып кету қаупі сейілді Ақтөбе облысындағы су қоймаларының деңгейі әр екі сағат сайын өлшеніп отыр. Вице-премьер Серік Жұманғарин бүгін таңертең, 2024 жылғы 7 сәуірде, Ақтөбе облысындағы Елек, Қарғалы және Сазды өзендерін жалғайтын үш су қоймасын әуеден бақылады. 

Категория: 

Ақтөбе облысында Ойыл өзеніндегі #өткел арқылы әскерилер 150 адамды эвакуациялады 6 сәуірде Қонаев гарнизонынан Батыс аймаққа Қарулы күштердің инженерлік техникасы теміржол құрамымен су басқан аймақта уақытша байланыс ұйымдастыруға жеткізілді.

Категория: 

Темір ауданында нысандар мен шаруа қожалықтарының шығыны есептелуде   Көктемгі су тасқыны кезінде зақым келген Темір ауданы тұрғындары тарапынан жергілікті әкімдіктерге бүгінгі күнге дейін 83 өтініш түсті. Комиссия мүшелері 78 тұрғын үй, 2 кәсіпкерлік нысан, 3 шаруа қожалығын аралап, түгендеу жұмыстарын жүргізді.

Категория: 

Су тасқыны: ақтөбеліктерге көрсетілетін көмек түрлері белгілі болды   ➤ Бірінші - жылжымайтын мүлікке, тұрмыстық техника мен жиһазға келтірілген залалды өтеу бойынша берілетін өтемақы.   Бұл өтемақының түрін төтенше жағдай жарияланған аумақтардың (Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласының) тұрғындары ала алады. Ол үшін тұрғындар 30 күнтізбелік күн ішінде материалдық шығынды өтеу туралы өтінішке жеке куәліктің көшірмесі, жоғалған немесе бүлінген мүліктің тізбесін қоса отырыр, аудан әкімдіктеріне тапсырады.

Категория: 

Ақтөбе облысы 72 адам қауіпсіз жерге көшірілді Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен Қобда ауданына гуманитарлық көмек тұрақты келіп жатыр. Азық-түлік, киім-кешек эвакуациялық пункттерде орналасқан адамдарға үлестірілді. Аудан орталығындағы екі бірдей орында 72 адам жатыр. Айта кетейік су тасқыны басталғалы бері еріктілердің атқарып жатқан жұмысы көп. Ауылға келіп жатқан гуманитарлық көмекті қабылдап, мұқтаждарға жеткізуді міндетіне алған. Үй-жайларды тіктеуге де атсалысып жатқандары бар.

Категория: 
�����