250 детей, пострадавших от паводка в Актюбинской области, направили на отдых в оздоровительные лагеря

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 250 бала сауықтыру лагерлеріне демалуға жіберілді    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірде-бірі мемлекет назарынан тыс қалмайтынына сендірді. Барлық мұқтаж жандарға тек қаржылай ғана емес, сонымен қатар барлық қажетті қолдау көрсетіледі.   Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен балалардың алғашқы легі республикалық сауықтыру лагерьлеріне демалуға жіберілді.   Осы көктемгі су тасқыны бүкіл ел үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен, қазақстандықтар әдеттегідей қиын кезеңдерде бірлігін, ынтымақтастығын көрсетіп, бір-бірлеріне қол ұшын созып, көмектерін аямауда.    Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер жеткізілуде. Сондай-ақ, Алматы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінде орналасқан сауықтыру орталықтары Ақтөбе облысынан 250 баланы қабылдауға ниет білдірді.    Қазіргі уақытта 200 бала аталған аймақтардағы ең жақсы деген лагерьлерде демалып жатыр. Олардың ішінде су тасқынынан ең көп зардап шеккен Ақтөбе облысы Ойыл, Қобда, Әйтеке би, Темір аудандарының және Ақтөбе қаласының оқушылары бар.    Ойыл ауданынан тағы 30 бала бүгін Алматы облысындағы «Балдәурен-Қонаев» республикалық оқу-сауықтыру орталығына орналастырылады, ал ертең 20 жас ақтөбелік Қарағанды облысының «Балдәурен-Балқаш» оқу-сауықтыру орталығына келеді.    Сауықтыру орталықтарында балаларға барлық жағдай жасалған, оқиды, толыққанды демалып, спортпен шұғылданады және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

250 детей, пострадавших от паводка в Актюбинской области, направили на отдых в оздоровительные лагеря    Президент Касым-Жомарт Токаев в обращении к народу заверил, что ни один из казахстанцев, пострадавших от паводка, не останется без внимания со стороны государства. Всем нуждающимся будет предоставлена не только финансовая, но и вся необходимая практическая поддержка.   Согласно указаниям Главы государства, дети из семей, пострадавших от наводнения в Актюбинской области, первым потоком отправились отдыхать в республиканские оздоровительные лагеря.   Паводок этой весной стал серьезным испытанием для всей страны. Но, как всегда, в сложные времена казахстанцы демонстрируют свои лучшие качества - единство, солидарность и взаимопомощь.    Различные формы помощи оказываются со всех уголков страны, в том числе оздоровительные центры, расположенные в Алматинской, Акмолинской, Туркестанской, Жамбылской, Карагандинской областях, изъявили желание принять 250 детей из Актюбинской области.    На данный момент 200 детей уже наслаждаются отдыхом в лучших лагерях указанных регионов. Среди них учащиеся наиболее пострадавших от  паводка Уилского, Кобдинского, Айтекебийского, Темирского районов Актюбинской области и города Актобе.    Еще 30 ребят из Уилского района сегодня будут размещены в республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен-Кунаев» Алматинской области, а завтра 20 молодых актюбинцев прибудут в учебно-оздоровительный центр «Балдаурен-Балхаш» Карагандинской области.    В оздоровительных центрах созданы все условия для полноценного отдыха, занятий спортом, развития творческих способностей и восстановления после прошедших трудностей.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 90
Категория: 
�����