Актюбинская область приступила к реализации поручения Президента об обеспечении пострадавших от паводка жильем

Ақтөбе облысы Президенттің су тасқынынан зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын іске асыруға кірісті    Ақтөбе облысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккендерді қысқа мерзімде жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын іске асыруға кірісті.   Оның ішінде, су тасқынынан ең көп жапа шеккен Ойыл ауданының тұрғындарына арналған үйлер салынатын жер учаскелері анықталды. Мұнда барлығы 340 үйді су басты, қазіргі уақытта 49 үй әлі де су астында қалып отыр. Атап айтқанда, Ойыл ауылында инженерлік инфрақұрылымы бар, су және газбен қамтылған 200-ден астам учаске белгіленген. Жаңа құрылыс ауданында 1500 орындық мектеп пен балабақша салу жоспарланып отыр.    Бүгінгі күні Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйлердің үлгілік жобасын бекітуде, соған сәйкес құрылыс жүргізіледі. Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, жалпы құны 22 млн. теңгені құрайтын 80 шаршы метрлік тұрғын үй және жалпы құны 44 млн. теңге болатын 160 шаршы метрлік екі пәтерлі үй салу жоспарлануда.  Президенттің тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен ақтөбеліктердің ешбірі назардан тыс қалмайды, қаржылық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Ал тапсырмалардың орындалу барысы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтетін жедел штаб отырысында күнделікті талқыланады.

 

Актюбинская область приступила к реализации поручения Президента об обеспечении пострадавших от паводка жильем  Актюбинская область приступила к реализации поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева об обеспечении новым жильём пострадавших от паводка в кратчайшие сроки. В том числе, в наиболее пострадавшем от паводка Уилском районе уже определены земельные участки, где будут построены дома для жителей, полностью подтопленных талыми водами сел. Всего здесь было подтоплено 340 домов, в 49 из них вода все еще остается в настоящее время.   В частности, в селе Уил есть более 200 участков с уже подведенной инженерной инфраструктурой – водой и газом. В районе новостроек также запланировано строительство школы на 1500 ученических мест и детского сада.    На сегодняшний день Министерством промышленности и строительства утверждается типовой проект жилых домов, в соответствии с которым будет вестись строительство. По словам руководителя управления строительства Актюбинской области Ержана Муздыбаева, планируется возводить жилье площадью 80 квадратных метров общей стоимостью 22 млн тенге и двухквартирные дома общей площадью 160 квадратных метров, стоимостью 44 млн. тенге.    Согласно поручению Президента, ни из пострадавших актюбинцев не останется без внимания, всем будет оказана финансовая и другая необходимая помощь. Ход исполнения поручений ежедневно обсуждается на заседаниях оперативного штаба под председательством акима области Асхата Шахарова.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 95
Категория: 
�����