Определены земельные участки под строительство новых домов в селе Кобда  

Қобда ауылында жаңа үйлер салу үшін жер учаскелері анықталды    Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырыстарының бірінде Үкіметке жаңа типтегі үйлерді салуды және тез арада құрылысты бастау қажеттігін айтты. Президент пәрменін іске асыруға Ақтөбе облысы кірісіп кетті.   Өткен аптада Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салынатын 200-ден аса жер учаскесі белгіленсе, бүгін Қобда ауданында жаңа тұрғын үйлер бой көтеретін жер учаскелері қаралды.   Аудан орталығына құрылыс компаниялары өкілдерімен бірге облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев барды.   Оның айтуынша, Қобда ауылында — 102, Жарық ауылында — 27 үй су басқан. Бүгінде жаңа үйлер салынатын аумаққа қазық қағу жұмыстары басталған.

«Қазіргі таңда Қобда ауылындағы суға кеткен үйлерді 15 мердігер ұйымға бөліп бердік. Олар өз қаражатына құрылыс жұмыстарын бастайды. Екі айдың ішінде барлық құрылысы жұмыстары аяқталуы керек. Жобаларға келсек, мұнда 80 және 100 шаршы метрлік үйлер салынады. Қобда ауданы әкімдігі тұрғындармен кездесуде өзара келісім бойынша алдағы уақытта үйлерді бөліп береді. Қазір зауыттармен келісім жасалып, кірпіш, блок тастар жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде»,- дейді Ержан Мұздыбаев.   Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев аудан орталығындағы су басқан үйлердің техникалық жағдайын тексеру жалғасып жатқанын айтты.  

«Бүгінде Қобда ауылының тұрғындарынан су тасқыны салдарынан мүліктің бүлінгені туралы 284 өтініш келіп түсті. Техникалық тексеру барысында 102 үй қалпына келтірілмейтіні анықталды, яғни сонша үй салу керек. Су басқан тұрғын үйді техникалық тексеру жалғасып жатқандықтан, бұл сан алдағы уақытта көбеюі мүмкін»,- деп атап өтті аудан әкімі.   Жаңа үйлер сондай-ақ, Ойыл, Әйтеке би, Темір және Ырғыз аудандарында да салынады.

Определены земельные участки под строительство новых домов в селе Кобда    Глава государства на одном из заседаний оперативного штаба по устранению последствий паводков поручил обеспечить скорейшее начало строительства домов для пострадавших в результате природной стихии. Актюбинская область приступила к реализации поставленной задачи.     На прошлой неделе в Уилском районе было определено более 200 земельных участков для строительства домов взамен разрушенных паводком. Сегодня земельные участки для строительства новых жилых домов были выбраны Кобдинском районе.      Вместе с представителями строительных компаний в село Кобда прибыл руководитель областного управления строительства, архитектуры и градостроительства Ержан Муздыбаев.   По его словам, в Кобде подтоплено 102 дома, в селе Жарык этого же района — 27. Сегодня начаты работы по забивке колышков на территории, где будут построены новые дома.  

«Мы разделили объекты строительства в селе Кобда между 15 подрядными организациями. Они начинают строительные работы на собственные средства. В течение двух месяцев все строительные работы должны быть завершены. Что касается проектов, то здесь будут построены дома площадью 80 и 100 квадратных метров. Сейчас заключены договора с заводами, ведутся работы по поставке кирпича и других строительных материалов»,- сказал Ержан Муздыбаев.  

Как сообщил аким Кобдинского района Изгилик Тынымгереев, обследование технического состояния подтопленных домов в районном центре продолжается.  «На сегодня от жителей села Кобда поступило 284 заявления о порче имущества из-за паводка. В ходе технического обследования установлено, что 102 дома не подлежат восстановлению, то есть столько домов должно быть построено. Возможно, данное количество увеличится, поскольку техническое обследование подтопленного жилья продолжается»,- отметил аким района.   Новые дома также будут строить в Уилском, Айтекебийском, Темирском и Иргизском районах.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 129
Категория: 
�����