Прошлой ночью вода подтопила один из домов садоводческого коллектива Жана Каргалы.

Өткен түнде Жаңа Қарғалы бау-бақша ұжымының бір үйіне су кірді. Мәселе туындаған учаскеге қала әкімі Азамат Бекет барды, үй тұрғындарымен кездесті.

Ақжар-2 бағытынан Жаңа Қарғалы бау-бақша ұжымына келетін дала суынан қорғау үшін бөгет (су өткізгіш құрылыс) салынды. Сол бөгет дала суларын ұстап тұрды. Жаңа Қарғалы тұрғындарының айтуынша, өткен түнде Ақжар-2 жақтан белгісіз біреулер сол бөгетті техникамен (петушокпен) ашып жіберген. Осының салдарынан Жаңа Қарғалы бау-бақша ұжымына қарай су кетті.

«Бір үйдің (83-ші участок) ішіне су кірді. Түні бойы және қазір суды техникамен алу шаралары жасалып жатыр.
Үй иесіне үйдің іші кепкенге дейін уақытша жатақхана тұру туралы ұсыныс берілді», - деді Азамат Бекет.

Бұдан соң қала әкімі тұрғындармен бірге проблема туындаған учаскелерді барып қарап, судың бағытын бұру жұмыстары бойынша кеңесті.

Прошлой ночью вода подтопила один из домов садоводческого коллектива Жана Каргалы. На место прибыл аким города Азамат Бекет, побеседовал с жительцами дома.

Отметим, для сдерживания талых вод, идущих со степей в районе жилого массива Акжар-2 в сторону садоводческого коллектива Жана Каргалы, ранее была сооружена дамба. Это сооружение справлялось со своей задачей с начала паводкого периода. Однако, по словам жителей Жана Каргалы, минувшей ночью неизвестные разрушили дамбу со стороны Акжар-2 с помощью трактора (петушок). В результате вода пошла в сторону Жана Каргалы.

«Вода попала в один из домов (83-й участок). Всю ночь проводились работы по отводу талых вод, которые продолжаются и сейчас.
Жильцам предложено временно жить в общежитии до того, как в доме все высохнет», - сказал Азамат Бекет.

Также аким города совместно с жителями садоводческого коллектива осмотрел проблемные участки, обсудил вопросы отвода воды.

Источник.https://www.instagram.com/p/C4-zr3PM3nJ/

Просмотров: 146
Категория: 
�����