В Актюбинской области начаты выплаты по компенсации ущерба пострадавшим от паводка

Ақтөбе облысында су тасқынынан келтірілген залалға өтемақы беріліп жатыр    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды барынша тез өтеу бойынша шаралар қабылдануда. Облыс тұрғындары алғашқы төлемдерін ала бастады. Зардап шеккендердің ешқайсысы көмексіз қалмайды.    Бүгінгі таңда арнайы құрылған комиссияларға жергілікті маңызға ие ТЖ жарияланған алты аудан мен Ақтөбе қаласының тұрғындарынан 3180 өтініш келіп түсті. Өтініш білдірген азаматтардың басым бөлігі облыс орталығының Алматы ауданында тұрады.    Комиссия мүшелері құжаттарды мүмкіндігінше тез тексеріп, тәуелсіз бағалау компаниясының қорытындысын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазіргі уақытта облыстың 14 тұрғынына жалпы сомасы 33, 2 млн теңгеден астам өтемақы аударылды. Өтініштерді қарау жалғасуда. Бірде-бірі мәлімдеме назардан тыс қалмайды.     Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға төлем беру жалғасуда. Бүгінгі күні ақтөбеліктерден 1272 құжат қабылданып, 960 адамға 313 млн теңгеден астам біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Алдын ала есептеулерге сәйкес 3 мың адамға 1 млрд теңге шамасында қаражат төленеді.

В Актюбинской области начаты выплаты по компенсации ущерба пострадавшим от паводка    Согласно поручению Главы государства, в Актюбинской области принимаются меры по максимально быстрому возмещению ущерба пострадавшим от паводка. Жители области уже получили первые выплаты. Никто из пострадавших не останется без помощи.   На сегодня в специально созданные комиссии поступило 3180 заявлений от жителей шести районов и города Актобе, в которых были объявлены ЧС местного масштаба. Большая часть обратившихся с заявлениями граждан проживает в Алматинском районе областного центра.    Члены комиссий делают все возможное для того чтобы максимально быстро проверить документы и получить заключение независимой оценочной компании. В настоящее время 14 жителям области уже перечислены компенсации на общую сумму более 33, 2 млн тенге. Рассмотрение обращений продолжается. Ни одно заявление не останется без внимания.    Также в регионе продолжается выплата семьям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации из-за паводка, единовременной социальной выплаты. На сегодня принято 1272 заявлений на назначение выплаты. 960 граждан уже получили социальную выплату на общую сумму 313 млн тенге. В целом, согласно предварительным расчетам, 3 тысячам человек будет выплачено около 1 млрд тенге.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 100
Категория: 
�����