Юристы бесплатно проконсультировали актюбинцев, временно проживающих в общежитии Западно-Казахстанского медицинского университета имени М. Оспанова

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жатақханасында уақытша орналасқан тұрғындарға заңгерлер тегін кеңес берді. Заңгер Әсел Әйтекова мен Мұхтар Мырзаш тұрғындарға бірреттік өтемақыны қалай алуға болатынын, суға кеткен үйлерінің құжаттары түгел немесе дұрыс болмаған жағдайда не істеу керектігін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   Әсел Әйтекованың айтуынша, қазір арнайы комиссиялар су басқан үйлерді тексеріп, тұрғындардың дүние-мүлкін бағалап жатыр. Алайда бұл орайда кездесіп жатқан мәселелер де жоқ емес.  

«Мәселен, біреудің құжаты дұрыс болмаса, енді бір адам суға кеткен үйді пәтер ретінде жалдап тұрған, ол пәтер иесімен келісімшарт жасаспаған. Тағы бір отбасы бір аулада екі үй салған, ал құжат тек біреуінде ғана бар. Осындай жағдайларда өтемақы төлеуде тұрғындар қиындықтарға тап болады. Егер комиссия шешімімен келіспесе, арыз жазуына құқығы бар. Дегенмен қолында заңды құжаты болуға тиіс. Ал біржолғы өтемақы алмаған отбасылар өз аумағындағы әкімдікке өтініш жазуы керек. Кезекпен оларға өтемақы төленеді»,- деп түсіндірді заңгерлер.    Аталған пунктке жауапты қоғамдық штаб мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Айгүл Нұркеева тұрғындардың заңгерлермен жолығып, жеке сауалдары бойынша кеңес алуын ұйымдастырды. Сондай-ақ қолдауға мұқтаж отбасыларға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Юристы бесплатно проконсультировали актюбинцев, временно проживающих в общежитии Западно-Казахстанского медицинского университета имени М. Оспанова. Юристы Асель Айтекова и Мухтар Мырзаш объяснили пострадавшим от паводка, как получить единовременную выплату, что делать, если документы на их затопленные дома не достоверные.   По словам Асель Айтековой, сейчас специальные комиссии осматривают затопленные дома и оценивают степень повреждений нанесенных имуществу водой. Юрист отметила, что в этом отношении у некоторых владельцев возникают проблемы.  

«К примеру, в документах могут быть обнаружены неточности. Один человек снимал дом, но договор с владельцем не заключал. В результате затопления дома пострадало его имущество. Другая семья построила в одном дворе два дома, и только на один из них есть документы. И в той, и в этой ситуации у людей возникают проблемы с выплатами компенсаций. Пострадавшие могут написать заявление, если не согласны с решением комиссии. Однако на руках должны быть подтверждающие документы. Семьи, не получившие единовременную выплату, могут обратиться в акимат и получить компенсацию в свою очередь»,- пояснили юристы.    Встречу населения с юристами организовала член общественного штаба, депутат областного маслихата Айгуль Нуркеева. Также она провела разъяснительную работу среди пострадавших, проконсультировав их по возникшим вопросам.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 147
Категория: 
�����