За один день полиция раскрыла три факта лжетерроризма

Бір күнде полиция жалған терроризмнің үш фактісін ашты

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына су тасқыны аймағынан эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғындарын қонақ үйлердің бірінде қарулы адамдар кепілге алып, ақшалай сыйақы талап етуде деген қоңырау түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат жалған болып шықты. Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде Бейнеу кентінде жалған қоңырау шалғаны үшін 22 жастағы қыз ұсталды. Сонымен қатар оның бұған дейін автобуста ұялы телефон ұрлағаны анықталды. Қолды болған гаджеттен ол қоңырау шалған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бөтен мүлікті ұрлау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сол күні Ақтөбе қаласының полициясына ер адам ұялы телефоннан қоңырау шалып, Гришин көшесіндегі үйде бомба орнатылғаны туралы айтқан. Бұл факт те расталмады. Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын да осындай қылмыс үшін сотталған Ақтөбе қаласының жұмыс істемейтін тұрғынын мас күйінде ұстады. Оған қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Жалған терроризмнің үшінші фактісі Алматы қаласында тіркелді. Онда қаланың жеке компанияларының бірінің телефонына WhatsApp мессенджері арқылы ірі ақшалай сыйақы үшін сауда орталығынa бомба қою туралы ұсыныс келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Талдықорған қаласының 9 жасар тұрғынын анықтады. Ол интернет желісінде компанияның жарнамасын көріп, бұзақылық ниетпен осы хабарламаны жолдағаны анықталды. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы баланы тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ІІМ Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделетінін тағы да еске салады. Сондай-ақ сот шешімі бойынша кінәлі адам жалған терроризм актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге тиіс.

За один день полиция раскрыла три факта лжетерроризма

В центр оперативного управления ДП Мангистауской области поступил тревожный звонок о том, что в одной из гостиниц неизвестные лица с оружием захватили в заложники жителей города Кульсары, эвакуированных с зоны паводков, и требуют денежное вознаграждение. При незамедлительной проверке данная информация оказалась ложной. Принятыми мерами сотрудниками управления по противодействию экстремизму ДП области за совершение ложного звонка в поселке Бейнеу была задержана 22-летняя девушка. Более того, было установлено, что она ранее в автобусе похитила мобильный телефон, с которого совершила анонимный звонок. В настоящее время в отношении нее проводится досудебное расследование по фактам кражи чужого имущества и заведомо ложного сообщения об акте терроризма. В этот же день в полицию города Актобе с мобильного телефона позвонил мужчина и сообщил о заложенной бомбе в доме по улице Гришина. Этот факт также не подтвердился. За совершение преступления сотрудниками управления по противодействию экстремизму ДП Актюбинской области в нетрезвом состоянии задержан неработающий житель Актобе, ранее судимый за аналогичное преступление. В отношении него возбуждено уголовное дело за заведомо ложное сообщение об акте терроризма. Третий факт лжетерроризма случился в городе Алматы, где на телефон одной из частных компаний города по мессенджеру WhatsApp пришло сообщение c предложением заминировать торговый центр за крупное денежное вознаграждение. В ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками УПЭ ДП области Жетісу установлен 9-летний житель Талдыкоргана, который, увидев в сети интернет рекламу компании, из хулиганских побуждений направил данное сообщение. Родители несовершеннолетнего привлечены к административной ответственности за непринятие мер по воспитанию детей. МВД вновь напоминает о том, Уголовным кодексом за это преступление предусматривается штраф в размере до 5 тысяч МРП (это больше 18 млн тенге), либо ограничение или лишение свободы до пяти лет. Кроме того, по решению суда виновному придется отплатить ущерб, который был нанесен физическим и юридическим лицам в результате акта лжетерроризма.

Источник.https://www.instagram.com/p/C5xRTJEs0No/

Просмотров: 158
Категория: 
�����