Депутат зардап шеккен 10 отбасыға үй тарту етпек Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Самат Қалдығұлов су тасқыны кезінде баспанасы суға кеткен тұрғындарға көмек қолын созғысы келеді. Ол туған жері - Алға ауданы Аманкелді ауылынан су тасқынынан зардап шеккен 10 отбасыға үй тарту етпек. Депутаттың айтуынша, ауылда мал бағуға, сол арқылы мол табыс табуға болады. Бүгінде бұл ауылда мектеп, клуб, фельдшерлік пункт бар. Мекемелер интернетке қосылған.