«Келіндер көтерілісі»

БАСПАСӨЗ  ПАРАҒЫ

 С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»

ПРЕМЬЕРА

 Жанры: комедия

Қоюшы режиссері: Мейрам Хабибуллин

Қоюшы суретші: Абылайхан Аманжол

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы режиссер Мейрам Хабибуллиннің қоюымен Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру кіші бағдарламасы «Туған жер-туған ел» аясында С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясын (аударған Асқар Сүлейменов) сахналанады. 

Қойылым премьерасы а.ж. ақпан айының 15-16-18-19-ы күндері сағат 19.00-де, ал, 17 ақпанда (жексенбі) сағ. 18.00-де қойылады.

Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында ескі тәртіптің арасындағы конфликтіге негізделген ене мен келін арасындағы қарым-қатынас. Өмір бір орнында тұра ма?! Қойылымда әулеттің берекесі мен балаларының ауызбіршілігін  сақтауды ойлап, ұлттық дәстүрді ұстанған адуынды ененің қалыптасқан тірлігіне  қарсы шыққан әзілге толы келіндердің әрекеті көрсетіледі. Қойылымның премьерасына еліміздің сүйікті актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Парасат». «Құрмет» ордендерінің иегері, жерлесіміз Л.Кәденова Форман бибінің рөлін сомдауға арнайы шақырылып отыр.

12 ақпан күні сағ.11.00-де, 116-шы бөлмеде ҚР еңбек сіңірген әртісі Л.Кәденованың қатысуымен пресс-конференция өтеді. Конференцияға БАҚ құралдары өкілдерін шақырамыз!

Рөлдерді сомдаушы:

Форман бибі            – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат»  

                                     ордендерінің иегері  Л.Кәденова,

                                    «Құрмет» орденінің иегері Б.Айтова

Башорат, Уринбай әйелі                – Т.Жандыбаева,

                                                         ҚР Мәдениет саласының үздігі М.Ильясова

Бустан, Махкаманың әйелі          – ҚР Мәдениет саласының үздігі А.Өлмесекова

Луфти, Асқардың әйелі                – Р.Ерболатова

Сатты, Камилдың әйелі                – А.Оразалина

Мухайе, Мамурдың әйелі             – Ж.Өтеген

Мехри, Хакимнің әйелі, медбике – Ә.Нәмеденова

Нигора,Тухтының әйелі               – А.Төреғалиева

Орынбай, үлкен ұлы, экономист – Е.Оразалин

Махкам, бухгалтер                       – Н.Айтқалиев

Асқар, милиция офицері             – А.Құдайбергенов

Камил, ұстаз                                 – Н.Өтеғұлов

Маъмур, артист                            – Қ.Құттыбаев

Хаким, дәрігер                              – С.Қонысбаев

Тухта, кіші ұлы                              – Р.Төрежанов

Үста Баки, етікші                           – ҚР Мәдениет саласының үздігі Ә.Оразалин

Тілші                                               –Д.Даулетияров, Е.Нұрсұлтан, Ә.Сейсенов

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов көшесі 52,

 

 

�����