Ақтөбеде жол ережесін қасақана бұзушы ұсталды
Патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік шаралары барысында "Opel" автокөлігінің жүргізушісін ұстады, ол жол қозғалысы ережелерін 15 рет бұзған, атап айтқанда бір жол қиылысында жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 300 мың теңгеден асты. Сонымен қатар, жүргізушінің көлік құралын міндетті сақтандыру полисі болмағаны анықталды.
Бұзушылықтар облыс орталығында орнатылған "Қорғау" жүйесінің камераларына тіркелген.
Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.