Зейнеткерлер көбінесе алаяқтардың айласына тап болады
Қаскүнемдер - адамдарды алаяқтық сайттарға тартады, онда сіз бағалы қағаздарға ақша салып, басқаларға қарағанда көбірек пайда таба аласыз деп алдайды. Олар белгілі бір соманы салуды ұсынады, төлемнен кейін олар жоғалады. Негізінен зиянкестер егде жастағы адамдардың сенімін пайдаланады.
Мысалы, Ақтөбеде инвестициядан ақша тапқысы келген зейнеткер, үш миллион теңгесінен айырылған.