Тағы бір ақтөбелік алаяқтардың қулығына тап болды
Полицияға Қандыағаш қаласының 57 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызданды. Оның айтуынша, наурыз айының басында оған белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, белгісіз адамдар оның атына несие рәсімдеп жатқанын, оларды тоқтату үшін "Anydesk" қосымшасын жүктеп, өзін және жеке куәлігін суретке түсіріп, "Ватсап" мессенджері арқылы жіберуді сұрағанын айтты.
Екі айға жуық уақыттан кейін жәбірленуші банк қызметкерлерінен оған 3 млн теңгеге несие ресімделгенін білген.