Бүгін түнде полиция қызметкерлері жол бойында қалған шетелдіктерді құтқарды.
Тоғызыншы наурызда Тәжікстан Республикасының екі азаматы "ГАЗель" автокөлігімен Ақтөбе қаласынан Әлімбетовка шекара бекетіне жолға шыққан. Олар шекарадан өте алмағандықтан, Ақтөбеге туысқандарының үйіне қайтамыз деп шешті.
Қайтар жолда олармен байланыс үзілді. Желдің жылдамдығы артып, ұйытқыды, аяз күшейді.
Уайымдаған туысқаны 102 телефонына қоңырау шалды. Патрульдік полиция ротасының экипаждары дереу хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге кірісті.