АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР !!!
Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны өзінің сенгіштігінен өзінің жинақ ақшасын айырылды.
Оған ұялы телефон арқылы бейтаныс адам хабарласып, өзін екінші деңгейдегі банктің қызметкері ретінде таныстырған. Қаскүнем сеніміне кіріп, оның шоттарын алаяқтардан қорғау үшін оған SMS-хабарламадан кодты айтуды ұсынған. Кодты алған алаяқ әйелдің үш банкте жинаған барлық қаражатын өзінің картасына аударған.
Осылайша, Хромтау қаласының тұрғыны 10 млн. теңгеге жуық ақшасынан айырылған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті тағы да еске салады. Банк клиентке күдікті транзакциялар туралы хабарлау үшін ешқашан өзі қоңырау шалмайды. Егер Сізге осындай қоңырау түссе, онда сіз телефон тұтқасын қойыныз, өйткені бұл алаяқтар болуы мүмкін.
О С Т О Р О Ж Н О М О Ш Е Н Н И К И !!!
53-летняя жительница города Хромату, из-за своей доверчивости лишилась своих сбережений.
Женщине на мобильный позвонил незнакомый человек, представившийся сотрудником банка второго уровня. Злоумышленник, войдя в доверие предложил обезопасить ей ее счета от мошенника, порекомендовав ей просто озвучить код из СМС-сообщения. Получив код, мошенник перевел все сбережения женщины с трёх банковских счетов к себе на карту.
Таким образом жительница города Хромату лишилась около 10 млн. тенге.
По данному факту проводится досудебное расследование по ст.190 ч.3 УК РК «Мошенничество» и проводятся оперативные мероприятия, направленные на установление и задержание подозреваемых лиц.
Департамент полиции Актюбинской области в очередной раз напоминает, банк никогда сам не звонит клиенту, чтобы сообщить о подозрительных транзакциях. Если Вам поступил такой звонок, то следует сбросить вызов, так как это могут быть мошенники