Актюбинские полицейские отметили профессиональный праздник

Ақтөбелік полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті.

Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаментінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов, ҚАЖД, Мамандандырылған күзет қызметі, ЖІІБ және М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы мен ПД жеке құрамы қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов, Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов, ІІО ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары қаза тапқан ІІО қызметкерлері мен ҰҰ әскери қызметшілерінің монументіне гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов құттықтау сөз сөйледі.

"Полицияда қызмет ету-әрбір азамат үшін үлкен құрмет. Сіз өз міндеттеріңізді мүлтіксіз орындап жүрсіз, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етесіз. Сіздердің адал қызметтеріңіз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді",- деді.

Ақтөбе облысы ПД бастығы полиция полковнигі Абай Жусупов ІІО ардагерлерін, Ұлттық ұлан қызметкерлерін және жеке құрамды Қазақстан полициясының 30 жылдығымен құттықтады. ІІО-ның жеке құрамы мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, қызметкерлерге жүктелген міндеттерді адал атқаруда және құқықтық тәртіпті нығайту жолында жауапты міндеттерді шешуде табыс тіледі.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың бұйрығымен 29 қызметкер марапатталды, оның ішінде 4 қызметкер мерзімінен бұрын атаққа ие болса, 4 қызметкер бір саты жоғары атақ алды, 4 қызметкер "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, 4 қызметкер 1 дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстарына ІІО қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қоры материалдық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, салтанатты іс-шараға жас полиция қызметкерлердің ата-аналары да шақырылды, оларға ПД бастығы  атынан қызметтегі жетістіктері үшін алғыс хаттар табыс етілді

Актюбинские полицейские отметили профессиональный праздник

Торжественное мероприятие, посвященное 30-летию Казахстанской полиции, прошло сегодня в Департаменте полиции Актюбинской области. В торжественном мероприятий присутствовали заместитель акима области Жаксыгали Иманкулов, руководство и личный состав ДП области, ДУИС, УССО, ЛОВД и Актюбинского юридического института им.М.Букенбаева.

Заместитель акима области Жаксыгали Иманкулов, начальник Департамента полиции Абай Жусупов, ветераны ОВД, руководители правоохранительных органов и родственники сотрудников полиции погибших при исполнении служебного долга возложили корзины цветов к Монументу сотрудникам ОВД и военнослужащим НГ, погибшим при исполнении служебного долга.

На торжественном мероприятии с поздравительной речью выступил заместитель акима области Жаксыгали Иманкулов.

«Служить в полиции-большая честь для каждого гражданина. Вы неукоснительно выполняете свои обязанности, обеспечиваете общественный порядок и безопасность.

Хочу выразить огромную благодарность всем за вашу добросовестную службу» -сказал Ж.Иманкулов.

Начальник ДП Актюбинской области полковник полиции Абай Жусупов поздравил ветеранов ОВД, Национальной гвардии и личный состав с 30 летием Казахстанской полиции. Поздравляя личный состав и ветеранов ОВД с профессиональным праздником, пожелал успехов в решении возложенных на сотрудников ответственных задач по обеспечению стабильности и укреплению правопорядка.

Наряду с этим, приказом Министра внутренних дел РК генерал-лейтенанта полиции Марата Ахметжанова поощрено 29 сотрудников, из них 4-м присвоено звания досрочно, 4-м присвоены звания на ступень выше, 4-м сотрудникам врученымедали «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» и 4 сотрудника награждены нагрудным знаком «Ішкі істер органдарының үздігі» 1 степени. Также родственникам сотрудников полиции погибших при исполнении служебного долга была оказана материальная помощь Фондом социальной поддержки сотрудников ОВД.

Кроме того на торжественное мероприятие приглашены родители молодых сотрудников, которым начальник ДП области вручил благодарственные письма за успехи в службе.

Просмотров: 242
Категория: 
�����