Полиция қатты аяз салдарынан трассада қалғандарға тәулік бойы көмек көрсетуде
23 қаңтарда түнде Ақтөбе облысында 30 градус аяз болды. Алайда, кейбір жүргізушілер құтқарушылар мен полицияның ұсыныстарына елемеушілік танытты.
Түнде Ырғыз ауданында “Самара-Шымкент” автожолында полиция жасағы жол жиегіндегі автобусты байқаған. 82 жолаушысы бар автобус Шымкент-Уфа бағытына қарай келе жатқан. Алайда, трассада автобус істен шыққан. Полиция ТЖД қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту пунктіне 84 адамды, оның ішінде 3 баланы (РФ, Өзбекстан және Тәжікстан Республикасының 82 азаматы және Қазақстан Республикасының 2 азаматы) жеткізді.
Сол түні Қобда ауданында Самара-Шымкент автожолында да техникалық ақауына байланысты БҚО бағытынан ОҚО қарай бара жатқан 25 шетелдік жолаушысы бар автобус тұрып қалды. Жүргізушісі мен жолаушылар жылыту пунктіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда әртүрлі техникалық ақауларымен 30 ауыр жүк автокөлігі және 2 автобус тұр. Полиция және жергілікті атқарушы органдар оларға жан-жақты көмек көрсетуде.
Полиция департаменті азаматтарды алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеруді және синоптиктердің ұсыныстарын тыңдауға шақырады.
23 января ночью в Актюбинской области стояли 30 градусные морозы. Не все водители прислушались рекомендациям спасателей и полиции.
В Иргизском районе на автодороге «Самара-Шымкент», наряд полиции заметил на обочине автобус. Автобус с 82 пассажирами следовал по маршруту Шымкент-Уфа. На трассе произошла поломка автобуса. Полицейские совместно с сотрудниками ДЧС и местными исполнительными органами в пункт обогрева доставили 84 человека, в том числе 3-их детей (82 граждан РФ, Республики Узбекистан и Таджикистана и 2 водителя граждане Республики Казахстана).
В ту же ночь в Хобдинском районе на автодороге Самара-Шымкент из-за неисправности электроники стал автобус с 25 иностранными пассажирами, следовавшего с ЗКО в ЮКО. Пассажиры с водителем доставлены в кемпинг.
На данный момент в Актюбинской области на автодорогах республиканского и областного значения стоят 30 большегрузных автомашин и 2 автобуса с разными техническими неисправностями. Полицией и местными исполнительными органами оказывается всесторонняя помощь.
Департамент полиции призывает граждан перед выездом в дальний путь смотреть прогноз погоды и прислушиваться рекомендациям синоптиков.
Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DFJ4UtkIGMT/