Ақтөбелік ұландық жауынгер самбодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды Астанада өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Қойшыбаев елімізге күміс медаль сыйлады. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлайды. Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген спортшы қатысты. Додаға қатысушылар спорттық және жауынгерлік самбодан әртүрлі салмақ дәрежесінде 31 медаль жиынтығы үшін күресті. Жарыстың екінші күні тоғыз түрлі салмақ дәрежесінде күрескен жеңімпаздар анықталды. Еламан Қойшыбаев 88 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, сенімді түрде ақтық сынға өтіп, күміс медаль жеңіп алды.
«Мен самбодан әлем чемпионатында дайындық пен табандылықтың жоғары деңгейін көрсеткен спортшыларымыз Еламан Қойшыбаев пен Болат Сапарды мақтан тұтамын. Мұндай жетістіктер оңай келмейді, оның артында қыруар еңбек, үздіксіз жаттығулар, үлкен күш-жігер мен мызғымас тәртіп жатыр. Еламан еліміздің намысын қорғап қана қоймай, өзін нағыз спорттық рухы бар мықты күрескер ретінде көрсетті. Алда әлі де көптеген жеңіске жететініне сенімдімін, олардың әрқайсысы ҚР ІІМ Ұлттық ұланның имиджін нығайтып, жас ұрпақты шабыттандырады»,– деді ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Сатжан Әбішев. Еламан Қойшыбаев физикалық және моральдық сынақтарға негізделген жаттығулар рухты нығайтатынын және әскери қызметшілерді кез келген қиындыққа төзімді ететінін айтты. «Әрбір сайыс — нағыз сынақ. Кілемге шыққанда барыңды салып, назарың да, қайратың да толықтай жеңіске бағытталуы керек. Мені баптап, додаға дайындаған жаттықтырушыларыма және қолдап, қуат берген туыстарыма, сондай-ақ осындай дәрежедегі жарыста еліміздің атынан өкілдік етуге мүмкіндік берген Ішкі істер министріне және Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл – үлкен жауапкершілік. Спортшы ретінде де, тұлға ретінде де өсуге көмектесетін керемет тәжірибе. Биылғы жыл мен үшін сәтті өтті: Макаода Азия чемпионы атандым және әлем кубогында жүлделі орынға ие болдым»,– дейді ұландық спортшы Еламан Қойшыбаев. Еламан 2023 жылы Ереванда өткен әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Еламан оқуды бітіргеннен кейін 2017 жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қатарына шақырылған. Құқықтық тәртіп әскеріндегі қызметі кезінде түрлі жетістіктерге жетті. Отан алдындағы бір жылдық қызметін өтегеннен кейін келісімшарт бойынша Ұлттық ұланда қалып, Ақтөбеде орналасқан 6655 әскери бөлімге әскери жасақ бастығы лауазымына тағайындалды.
Гвардеец завоевал серебряную медаль на чемпионате мира На чемпионате мира по самбо, который проходит в Астане, военнослужащий контрактной службы воинской части 6655 Национальной гвардии МВД РК мастер спорта международного класса рядовой Еламан Койшибаев принес нашей стране серебряную медаль. Об этом сообщает пресс-служба РгК «Батыс» НГ РК. Чемпионат собрал спортсменов со всего мира, где участники боролись за 31 комплект медалей в различных весовых категориях как по спортивному, так и по боевому самбо. На второй день соревнований определились победители в девяти весовых категориях, и Еламан Койшибаев, выступая в категории до 88 кг, уверенно прошел к финалу, где ему удалось завоевать серебро.
«Я горжусь нашими спортсменами Еламаном Койшибаевым и Болатом Сапар, которые продемонстрировали высокий уровень подготовки и стойкости на чемпионате мира по самбо. Такие достижения не случаются просто так; за ними стоят долгие часы тренировок, колоссальные усилия и непоколебимая дисциплина. Еламан не только отстаивал честь нашей страны, но и показал себя как сильный боец, обладающий настоящим спортивным духом. Я уверен, что впереди ещё много побед, и каждая из них будет продолжать укреплять имидж Национальной гвардии и вдохновлять молодое поколение»,– отметил начальник отдела физической подготовки и спорта Главного командования Национальной гвардии полковник Сатжан Абишев. Стоит отметить, что Еламан Койшибаев неоднократно подчеркивал, что именно служба в Национальной гвардии привнесла в его спортивную карьеру дополнительные навыки и закалку. Тренировки, построенные на физических и моральных испытаниях, укрепляют дух и делают военнослужащих стойкими к любым трудностям.«Эти соревнования – настоящий вызов. Каждый выход на ковер требует полной самоотдачи и невероятной концентрации. Выражаю искреннюю благодарность в подготовке и за поддержку своих тренеров и родных, а также за возможность представлять нашу страну в соревнованиях такого ранга — заместителя Министра внутренних дел - Главнокомандующего Национальной гвардией генерал-майора Ансагана Балтабекова. Это большая ответственность и честь. Этот невероятный опыт мне помогает расти как спортсмену и как личности. Этот год для меня прошел удачно: я стал чемпионом Азии в Макао и занял призовое место на Кубке мира»,- сказал гвардеец Еламан Койшыбаев. Еламан убежден, что такие достижения, как его медаль на чемпионате мира, – это только начало, ведь впереди еще много высот, которые он планирует покорить. Примечательно, что в 2023 году на чемпионате мира в Ереване Еламан также стал обладателем серебряной медали. К слову, Койшибаев Еламан родился 18 сентября 1995 года в городе Кандыагаш Актюбинской области в простой семье. Отец работал в железнодорожной отрасли, мать занималась домашними делами и воспитанием детей. После окончания школы был призван в ряды Национальной гвардии в 2017 году для выполнения своего долга перед Родиной. Находясь в войсках правопорядка, он добился многих спортивных успехов. После года службы, его назначили на должность начальника войскового наряда в воинскую часть 6655, дислоцированную в Актобе, с целью продолжения службы по контракту.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi