Купание в запрещенных местах и за распитие спиртных напитков: что грозит нарушителям

Тыйым салынған жерлерде шомылғаны және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғаны үшін қандай жауапкершілік көзделген

Ақтөбе облысының аумағында жазғы мезгілге байланысты су жағажайларында төтенше жағдайлар мен оқиғалар саны айтарлықтай артуда. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – демалыс кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтамау, рұқсат етілмеген жағажайларда және мас күйінде шомылу болып табылады.

Өзендердің, саяжай секторларының бойында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 8 атты полицей рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Олардың негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖД қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды бірлесіп атқару.

Жазғы кезеңде атты полицейлер қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 60 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және 380 қала тұрғыны тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Купание в запрещенных местах и за распитие спиртных напитков: что грозит нарушителям

В связи с летним периодом на территории Актюбинской области риск возникновения происшествий и чрезвычайных ситуаций на водных объектах значительно увеличивается. Основной причиной гибели людей является несоблюдение правил безопасного поведения во время отдыха, а также купание в непредназначенных для этих целей местах – несанкционированных пляжах и в нетрезвом состоянии.

На охрану общественного порядка вдоль рек, дачного сектора заступил конный патруль в количестве 8 сотрудников. Основная задача конного патруля – охрана общественного порядка, обеспечение безопасности при купании, совместная отработка рейдовых мероприятий с сотрудниками ДЧС.

За летний период конными патрулями было выявлено 60 административных нарушений за распитие спиртных напитков в общественных местах и 380 горожан были привлечены к административной ответственности за купание в неположенных местах.

 

Просмотров: 437
Категория: 
�����