Тағы бір ақтөбелік алаяқтардың қулығына тап болды
Полицияға Қандыағаш қаласының 57 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызданды. Оның айтуынша, наурыз айының басында оған белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, белгісіз адамдар оның атына несие рәсімдеп жатқанын, оларды тоқтату үшін "Anydesk" қосымшасын жүктеп, өзін және жеке куәлігін суретке түсіріп, "Ватсап" мессенджері арқылы жіберуді сұрағанын айтты.
Екі айға жуық уақыттан кейін жәбірленуші банк қызметкерлерінен оған 3 млн теңгеге несие ресімделгенін білген.
Полиция департаменті ескертеді - егер бейтаныс адам сіздің құрылғыңызға белгілі бір бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді сұраса: абай болыңыз! Себебі Сіз алаяқтарға құрбан болудың қаупін тудырасыз.
Бірде-бір банк немесе компания телефон арқылы бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді сұрамайды!
На уловки мошенников попался очередная жертва
В полицию обратился 57-летний житель г.Кандыагаш с заявлением о мошенничестве. По его словам, в начале марта т.г. ему позвонил неизвестный, представился сотрудником банка и сообщил, что неизвестные лица оформляют кредиты на его имя, для того чтобы их задержать попросил скачать приложение «Anydesk», сфотографировать себя и удостоверение личности и отправить через месенджер «Ватсап».
Спустя почти два месяца потерпевший узнал от сотрудников банка, что на него был оформлен кредит на 3 млн тенге.
Департамент полиции предупреждает, что если незнакомое лицо просит предоставить ему доступ к любому вашему устройству и скачать определенное программное обеспечение: будьте осторожны! Вы рискуете стать жертвой мошенничества с использованием удаленного доступа.
Ни один банк или компания не будут просить вас по телефону скачать программное обеспечение!