«Полиция бьет тревогу»

«Полиция дабыл қағуда»...

Бейбітшілік заман, бірақ қаза тапқан адамдар саны баршылық...

Соңғы уақытта біздің азаматтар жол-көлік оқиғалары кезінде қаза табуда. Ең қайғылы жағдай, бұл жол апаттары балалардың да өмірін қиды.

Тамыз айының басынан бері Ақтөбе облысында орын алған 3 жол апатынан 12 адам, оның ішінде 2 бала көз жұмды.

Осыған байланысты, полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарына халықпен бірлесуді жөн көрді.

19 тамыз күні ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Алиев жеке құрамның қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтау бойынша міндеттерді орындауға дайындығын қолдау мақсатында полицияның кешенді күштерінің жасақтарын гарнизондық тарату өткізді.

 Аталған шараға қоғамдық көмекшілер мен еріктілер қатысты.

Үш күн бойы облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдын алу бойынша міндеттер қойылды. Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарының жолын кесуге ерекше назар аударылатын болады.

Тарату аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері қоғамдық көмекшілерімен және еріктілермен бірге Тұңғыш Президент атындағы саябақтың аумағында орналасқан "Автоқалашыққа" барды. Осы алаңда сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін жол қозғалысы ережелерімен танысу үшін балалармен сабақтар өткізіледі. Бұл алаңға қала тұрғындары мен қонақтары балаларымен кез келген ыңғайлы уақытта келе алады.

Іс-шара соңында Қанат Алиев жүргізушілерді және жол қозғалысының басқа да қатысушыларын жолдарда қырағы және мұқият болуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Полиция бьет тревогу»

Мирное время, а столько людей погибает…

В последнее время наши граждане все чаще погибают при дорожно-транспортных происшествиях. Самое трагичное, что эти аварии уносят жизни детей, у которых, казалось бы, вся жизнь впереди.

Только с начала августа в Актюбинской области в 3 тяжких ДТП погибло 12 человек, в том числе 2 детей.

В этой связи полиция объединилась с населением в профилактике дорожно-транспортных происшествий.

19 августа исполняющий обязанности начальника ДП Актюбинской области Канат Алиев в целях поддержания готовности личного состава к выполнению задач по охране общественного порядка и дорожной безопасности провёл развод нарядов комплексных сил полиции.

В данном мероприятии приняли участие общественные помощники полиции и волонтеры.

На протяжении трех дней в области будут проведены рейдовые мероприятия, направленные на обеспечение безопасности дорожного движения. Поставлены задачи по профилактике охраны общественного порядка и дорожной безопасности.  В период мероприятия особое внимание будет обращено на пресечение грубых нарушений ПДД, непосредственно влияющих на безопасность дорожного движения.

После завершения единого развода полицейские совместно с общественными помощниками полиции и волонтерами, посетили «Автогородок», расположенный на территории парка им. Первого Президента. На данной площадке с 18:00ч. до 21:00ч. проводятся занятия с детьми для ознакомления с наиболее распространенными разделами правил дорожного движения. На данную площадку могут прийти все жители и гости города со своими детьми в любое удобное время.

В завершении мероприятия Канат Алиев призвал, водителей и других участников дорожного движения быть бдительными и внимательными на дорогах, а также строго соблюдать правила дорожного движения и еще раз задуматься, и вспомнить тех, кто потерял жизнь и здоровье на дорогах.

Просмотров: 171
Категория: 
�����