С начала года на автодорогах республиканского и международного значения Актюбинской области произошло 20 ДТП с участием транзитных иностранных транспортных средств, где 20 человек погибло и 21 человек пострадал.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарында транзиттік шетелдік көлік құралдарының қатысуымен 20 жол-көлік оқиғасы  орын алып, онда 20 адам қаза болды, 21 адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің шаршаңқы күйде болуы, рульде келе жатып ұйықтап кетуі және қарсы жолаққа шығуы болып отыр.

Осыған байланысты бүгінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, ЖКО алдын алуға бағытталған рейдтік жұмыстар жүргізуде.  Полицейлер транзиттік автокөлікті тоқтатып, жүргізушілермен әңгімелесу жүргізеді, жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жүргізушінің қан қысымын тексереді, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетеді.

Рейд барысында жүргізушілердің бірінің  қан қысымының жоғары, яғни 180/120 екені анықталып, оған дәрі-дәрмек берілді және жүргізуші жақын маңдағы кемпингтердің біріне дейін ілесіп жеткізілді.  

Жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 4-тармағына  сәйкес, көлік құралын шаршаңқы күйде басқаруға тыйым салынады.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері заңнама талаптарын қатаң сақтауға және  шаршаңқы күйде рульге отырмауға шақырады!

Өздеріңізді сақтаңыздар және жолдарыңыз болсын!

С начала года на автодорогах республиканского и международного значения Актюбинской области произошло 20 ДТП с участием транзитных иностранных транспортных средств, где 20 человек погибло и 21 человек пострадал.

Основной причиной ДТП является утомлённое состояние водителей, сон за рулём, выезд на встречную полосу.

В связи с этим сегодня сотрудники полиции ДП Актюбинской области совместно с медицинскими работниками проводят рейдовое мероприятие по профилактике ДТП. Полицейские останавливают транзитный автотранспорт, беседуют с водителями, сотрудники бригады скорой помощи измеряют давление, при необходимости оказывают медицинскую помощь.

Так, в ходе рейда у одного из водителей выявлено повышенное артериальное давление 180/120, ему дали таблетку и сопроводили до ближайшего кемпинга.

Согласно Правилам дорожного движения, раздел 2, п.4 РК, категорически запрещается управление транспортными средствами в утомлённом состоянии.

Сотрудники Департамента полиции Актюбинской области требуют строго придерживаться требований закона и не садиться за руль в утомлённом состоянии.

Берегите себя и счастливого пути.

Просмотров: 255
Категория: 
�����