Оқу жылының басталуына орай, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 16-20 тамыз аралығында ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Тұңғыш Президент атындағы саябақта балаларға жол қозғалыс ережелерін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың 7 айында Ақтөбе қаласында балалардың қатысуымен 33 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 2 бала қаза тауып, 33 бала әр түрлі дене жарақатын алған.
ЖКО басты себептерінің бірі – "жол қозғалысы ережелерін" білмеу себебінен жолдағы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау болып табылады. Жол қозғалысының жас қатысушылары негізінен көлік құралдары жүретін жерлерде ойнайды.
ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтағы Автоқалашықта сағат 18:00-21:00 аралығында балаларға жол жүру қағидасының күнделікті қолданыста жиі кездесетін бөлімдерімен таныстыру жұмыстары өткізілуде. Бұл шараға барлық қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.
Құрметті ата-аналар, балаңызға кішкентай кезінен жол қозғалыс ережесін үйретіңіз. Есіңізде болсын! Бала сізді үлгі тұтады, сондықтан да сіз де ережелерді есіңізде сақтап жүріңіз.
Сіз өз балаңызға ғана емес, басқа балаларға да үлгі болуыңыз керек.
В преддверии начала нового учебного года, в целях недопущений дорожно- транспортных происшествий с участием детей, с 16 по 20 августа т.г. сотрудниками УАП ДП Актюбинской области на специальной площадке в центральном парке им. Первого Президента проводят занятия с детьми для ознакомления с правилами дорожного движения.
Согласно статистики на территории города Актобе за 7 месяцев текущего года произошло 33 дорожно-транспортных происшествия с участием детей, в результате которых двое погибли, 33 ребенка получили различные телесные повреждения.
Основными причинами ДТП являются несоблюдение элементарных мер безопасности на дороге по причине незнания «Правил дорожного движения». Юные участники дорожного движения в основном играют в неположенном месте и зачастую не отдают преимущества транспортным средствам.
Сотрудниками отдела дорожной и технической инспекций ДП Актюбинской области в «Автогородке» расположенном на территории парка им. Первого Президента с 18 :00 до 21:00 проводятся занятия с детьми для ознакомления с наиболее распространенными разделами правил дорожного движения. На данную площадку могут прийти все жители и гости города со своими детьми в любое для них удобное время.
Уважаемые родители, с раннего возраста приучайте детей соблюдать Правила дорожного движения. Не забывайте, что личный пример – самая доходчивая форма обучения. Помните! Ребенок учится «законам дороги», беря пример с вас, родителей, и других взрослых. Пусть Ваш пример учит дисциплинированному поведению на улице не только Вашего ребенка, но и других детей.