Ақтөбе облысында заңсыз сақтаудағы қаруды сатып алу акциясы аясында 52 бірлік атыс қаруы өз еркімен тапсырылды
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды (бұдан әрі – қару-жарақ құралдары) сатып алу бойынша акция өткізілуде.
Акция басталғаннан бері облыс тұрғындары өз еркімен 52 бірлік қару (оның ішінде 8 ойық ұңғылы қару) және 112 патрон тапсырды.
Барлық ерікті тұрде тапсырылған мылтықтар мен патрондар бойынша сараптамалар тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді Ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ақылы тапсыру мәселелері бойынша жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласу қажет.
В Актюбинской области в рамках акции по выкупу не законно хранящегося оружия добровольно сдано 52 единиц огнестрельного оружия
С 10 апреля 2023 года на территории республики проводится акция по выкупу у населения незаконно хранящихся огнестрельного оружия, боеприпасов и взрывчатых веществ.
С начала акции жителями области добровольно было сдано 52 единиц огнестрельного оружия (из них нарезного-8) и 112 патронов.
По всем добровольно сданным ружьям и патронам назначены экспертизы.
Напоминаем, что лица добровольно сдавшие незаконно хранящиеся оружия и боеприпасы освобождаются от уголовной и административной ответственности.
По вопросам возмездной сдачи оружия и боеприпасов необходимо обратится в ближайший отдел полиции.