Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Жаңа Заңға «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың негізгі ережелері енді. Аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды. Жаңа Заңда бірқатар тың ережелер қарастырылған. Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-ресурстарды да қамтитын «масс-медиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді. Мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. Оның ішінде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру, аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы (аккредитация карталарын берудің автоматтандырылған процесі) журналистерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тіркеу және басқа да міндеттер қарастырылған. Журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді. Яғни, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, олардың ақпарат іздеу, сұрату, алу және тарату кезіндегі, сондай-ақ «Масс-медиа туралы» Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарын журналист мәртебесі деп түсіну керек. Шындыққа сәйкес келмейтін және азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы БАҚ-қа талап қою мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында мәліметтер жарияланған күннен бастап 1 жыл деп белгіленген. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу тәртібі жетілдірілді. БАҚ-тың сұратуларын қарау мерзімі 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл журналистерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Осылайша ақпараттың өзектілігі сақталады. БАҚ-тың өз қызметін өзі реттеу мақсатында Заңда қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру көзделген. Кеңестер республикалық және өңірлік деңгейлерде құрылуы мүмкін. Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу. Гранттық қаржыландыруды енгізу арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері жетілдірілді. Ұлттық теле-радио хабарларын тарату мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік тілдегі отандық теле-радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемі 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Отандық теле-радио арналарда шетелдік теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялау көлемі 20 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетілді. Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтірудің жолдары мен оған үндейтін ақпаратты таратуға және (немесе) жариялауға тыйым салынады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О масс-медиа» Закон разработан во исполнение поручения Главы государства, данного в рамках Послания народу Казахстана от 16 марта 2022 года «Новый Казахстан: путь обновления и модернизации», о пересмотре Закона о средствах массовой информации с учетом интересов государства, запросов общества и тенденций развития медиасферы. В новый Закон вошли основные положения законов «О средствах массовой информации» и «О телерадиовещании», которые признаются утратившими силу. В Законе предусмотрен ряд новых положений. Введено новое, более широкое понятие «масс-медиа», которое включает в себя не только средства массовой информации, но и интернет-ресурсы. Предусмотрено создание Единой медиаплатформы, на которой будет реализовываться государственная информационная политика, включая предоставление грантов для негосударственных средств массовой информации, аккредитацию журналистов при государственных органах и организациях посредством упрощенного порядка аккредитации (автоматизированный процесс выдачи аккредитационных карт) и другие функции. Установлены дополнительные правовые гарантии для журналистов. Введено понятие «особый статус журналиста», под которым понимается статус журналиста, предусматривающий защиту его прав и свобод, расширенные права при поиске, запросе, получении и распространении информации, а также иные особые права, установленные Законом «О масс-медиа». Установлен срок исковой давности по требованиям, предъявляемым к СМИ об опровержении сведений, не соответствующих действительности и порочащих честь, достоинство и деловую репутацию, в виде 1 года со дня опубликования таких сведений в СМИ. Усовершенствован порядок аккредитации представительств иностранных средств массовой информации и их журналистов. Сокращен срок рассмотрения запросов СМИ с 7 до 5 рабочих дней, что позволяет журналистам получать необходимую информацию в кратчайшие сроки, тем самым сохраняя актуальность информационной повестки дня. В целях саморегулирования деятельности СМИ Законом предусмотрено создание общественно-профессиональных советов, которые могут быть организованы как на республиканском, так и на региональном уровнях. Основной функцией данных советов является разработка Этического кодекса журналистов. Усовершенствованы механизмы финансирования государственной информационной политики путем внедрения грантового финансирования. В целях защиты интересов национального телерадиовещания увеличен еженедельный объем отечественных теле-, радиопрограмм на государственном языке с 50% до 60%. Аналогично в еженедельном объеме увеличен объем количества отечественных телепрограмм и музыкальных произведений казахстанских авторов (исполнителей и отечественных радиопрограмм) с 2025 года – 55%, с 2027 года – 60%. Снижен с 20 % до 10% объем ретрансляции иностранных теле-, радиопрограмм на отечественных теле-, радиоканалах. Установлен запрет на распространение и (или) размещение информации, пропагандирующей самоубийство, информации о способах и призывах к совершению самоубийства. Текст Закона публикуется в печати.
Источник. t.me/aqorda_resmi