Олжас Бектенов: Решение о едином часовом поясе было принято на основе очень глубоких научных исследований

Олжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды  Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесулер өткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымдық міндеттерді шешу барысы талқыланды.  Сондай-ақ бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне де назар аударылды. Сөз сөйлеушілердің айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесін Қостанай облысының тұрғындары бұрын да көтерген, өйткені 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеді. Осылайша, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім күнделікті тұрмыстық процестерді жеңілдетті. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар бірыңғай уақыт белдеуін қолдап сөз сөйледі. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғындармен әңгімелесу барысында табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсері ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды, бұл табиғи уақытқа сәйкес өмір сүрудің ең пайдалы екенін растады. Осы жұмыстың және басқа да ғылыми зерттеулердің негізінде 2022 жылы 80-нен астам елдің ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері қол қойған Барселона декларациясы қабылданды.  Премьер-министр Қостанай облысының тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға осы маңызды шешімді түсініп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Шешім Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл зерттеуде ғалымдар табиғи уақытта өмір сүрген кезде адам үшін ең жақсы және пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылуда. Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 болып табылады. Бұрын өздеріңіз білетіндей, біз басқа UТC+6 белдеуінде болдық. Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр.

 Сондай-ақ зауыт ұжымымен кездесу барысында Мемлекет басшысы жариялаған алдағы Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында еңбек жағдайлары және өзге де қолдау шаралары мәселелері көтерілді.

Олжас Бектенов: Решение о едином часовом поясе было принято на основе очень глубоких научных исследований  В ходе рабочей поездки в Костанайскую область Премьер-министр РК Олжас Бектенов посетил заводы, где состоялись встречи с руководством и коллективами предприятий. Обсуждены перспективы социально-экономического развития региона, наращивание кадрового потенциала, решение инфраструктурных задач.  Внимание также было уделено вопросу единого часового пояса. Пословам выступивших, вопрос введения единого часового пояса и ранее поднимался жителями Костанайской области, так как прежний часовойпояс не соответствовал естественному времени. Таким образом, решение о переходе на единый часовой пояс облегчило ежедневные бытовые процессы. В этой связи участники встречи выступили в поддержку единого часового пояса. Премьер-министр Олжас Бектенов в беседе с жителями обратил внимание на то, что научно доказано положительное влияние естественного времени на здоровье и благополучие граждан. В 2017 году группа американских ученых была удостоена Нобелевской премии за исследование циркадных ритмов человека, подтвердившее, что наиболее полезно для здоровья жить в соответствии с естественным временем. На основе данной работы и других научных изысканий в 2022 году былапринята Барселонская декларация, подписанная учеными и государственными деятелями из более чем 80 стран.  Руководитель Правительства поблагодарил жителей Костанайской области и всех казахстанцев за понимание и поддержку этого важного решения.

«Решение было принято на основе очень глубоких научных исследований, которые проводились не только в Казахстане, но и за рубежом. В 2017 году группа американских ученых была удостоена Нобелевской премии за исследование циркадных ритмов человека. И в этом исследовании ученые доказали, что для человека лучше всего и более полезно для здоровья, когда он живет в своем естественном времени. Поэтому сейчас прогрессивные страны мира стремятся к переходу именно на естественный часовой пояс. Для Казахстана естественный часовой пояс – это тот, в котором мы сейчас живем, UTC+5. Ранее, вы знаете, мы были в другом – UTC+6. В свое время страна в директивном порядке была переведена в пояс, который не является естественным для нас. Сейчас, напротив, мы привели время в соответствие с солнечными циклами. Понимаю, что переход на единый часовой пояс кому-то может доставлять дискомфорт. Организм постепенно привыкает. Такое решение было принято. Если есть какие-то неудобства в регионах, нужно работать с инфраструктурой, освещением, организацией гибкого графика, что позволяет наше трудовое законодательство. Все эти вопросы будем далее решать», — подчеркнул Премьер-министр.

 В ходе встречи с коллективом завода также были подняты вопросыусловий труда и иных мер поддержки в преддверии объявленного Главой государства предстоящего Года рабочих профессий.

Источник.@KZgovernment

Просмотров: 134
Категория: 
�����