Под председательством Президента прошла XXXIII сессия Ассамблеи народа Казахстана «Единство. Созидание. Прогресс»

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өтті   Президент төрағалығымен өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбындағы жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен волонтерлер, мемлекеттік мекеме өкілдері елдегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.   Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, еліміздің бірнеше аймағындағы табиғат апат салдарын еңсеру үшін жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы да ортақ істен шет қалмай, белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.    Мемлекет басшысы орындалуға тиіс бірнеше өзекті міндетке арнайы тоқталды. Ең алдымен, Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажеттігін алға тартты.   Сонымен қатар, Президент бүгінде жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына тоқталды. Мемлекет басшысы қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды екенін айтты.   Мемлекет басшысы еліміз соңғы жылдары аса күрделі сынақтардың тағы бір тарихи кезеңін бастан өткеріп жатқанын айтып, бірлік пен ынтымақтың арқасында бұл қиындықтың бәрін жеңетінімізге, бұрынғыдан да мықты болып шығатынымызға сенім білдірді.   Сондай-ақ, салтанатты жиында Республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов, ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті Юрий Шин, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев және басқалары сөз сөйледі.    Жиын соңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халық арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды.

Состоялась XXXIII сессия Ассамблеи народа Казахстана   Под председательством Президента прошла XXXIII сессия Ассамблеи народа Казахстана «Единство. Созидание. Прогресс». В режиме видеоконференцсвязи в ней приняли участие заместитель акима области Галымжан Елеуов, члены Ассамблеи народа Казахстана, волонтеры, представители госструктур.   В начале своего выступления Касым-Жомарт Токаев отметил масштабные работы, проводимые по преодолению последствий паводков в ряде регионов страны, при этом оценив активную работу членов Ассамблеи народа Казахстана с момента начала наводнений.    Президент обозначил ряд актуальных задач, которые необходимо решить. Также он указал на необходимость скоординировать работу Ассамблеи с новой гуманитарной идеологической доктриной страны.   Кроме того, Глава государства обратил внимание на расширяющийся глобальный катаклизм, обостряющиеся между государствами военно-политические, торгово-экономические конфликты и возникающие разногласия в культурно-гуманитарной сфере.   Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность сформировать в обществе такую среду, которая не будет допускать попыток дифференциации и изоляции людей по национальному признаку, провоцировать и дискредитировать граждан по языку, религии или культуре.   Глава государства отметил, что в последние годы наша страна проходит очередной исторический период переживая тяжелые испытания, и выразил уверенность, что благодаря единству и солидарности мы преодолеем все эти трудности и станем сильнее, чем раньше.   В ходе работы сессии выступили председатель Республиканского этнокультурного центра таджиков Акбаржон Исмаилов, заместитель Председателя АНК, президент Ассоциации корейцев Казахстана Юрий Шин, председатель РОО «Ассамблея жастары» Тимур Джумурбаев и другие.    В завершении работы сессии прошла церемония награждения. Указом Президента Республики Казахстан за заслуги в укреплении мира, дружбы и сотрудничества между народами, а также развитие государственного языка ряд граждан страны были удостоены государственных наград.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 196
Категория: 
�����