Полиция тауда жоғалып кеткен 16 жасар 2 жасөспірімді аман-есен тапты Түркістан облысы Созақ ауданының полициясына 26 маусым күні таңертең 11 бас жылқы мен 7 бас құлынын түгендеу үшін тауға шығып, қайта оралмаған екі кәмелетке толмағандар туралы хабарлама келіп түсті. Жасөспірімдер мотоциклмен жылқыларды іздеу үшін таулы аймаққа бет алған. Олардың кеткеніне біршама уақыт болғаннан кейін, туыстары полициядан көмек сұрады. Кәмелетке толмағандарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, құтқарушылар, 30 астам еріктілер, қызметтік иттер, сондай-ақ, дрондар мен тікұшақ жұмылдырылды. Кейін белгілі болғандай, жасөспірімдер тауда адасып, 30-35 шақырым алыстап кеткен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полиция балаларды тікұшақтың көмегімен тауып алды.
Полицейские нашли двух 16-летних подростков, пропавших в горах Туркестанской области В полицию Созакского района поступило сообщение о двух пропавших несовершеннолетних, которые утром 26 июня выехали в горы на поиски табуна лошадей, и не вернулись. Установлено, что двое подростков на мотоцикле направились в сторону горной местности, чтобы найти лошадей. Спустя время после их пропажи, родственники обратились за помощью в полицию. В поисках пропавших подростков задействовали весь личный состав районного отдела полиции, спасателей, более 30 волонтеров, 4 кинологов со служебными собаками, а также дроны и вертолет. Полицейские с помощь вертолета благополучно нашли пропавших подростков и вернули домой. Подростки заблудились в горах и ушли на 30-35 километров. Здоровью несовершеннолетних ничего не угрожает. С подростками и их родителями провели профилактическую беседу.