Рақмет, Қазақстан": Шымкентте полицейлер өзбекстандық отбасыға көмектесті - Көлігіміз жол үстінде бұзылып қалды. Ешкім тоқтаған жоқ. Тек полицейлер көмекке келді, - дейді отағасы. Ол жұбайымен және баласымен Алматыда қонақта болып, Шымкент арқылы еліне қайтып бара жатады. Жолда отбасылық автокөлік істен шыққан. Қиын жағдайға тап болғандарды көшелерді патрульдеп жүрген экипаж байқап, бірден көмекке асықты. Инспекторлар Ғабит Әбдірахман мен Бақберген Жазықбай бұзылған көлік құралын жөндеу орталығына жеткізіп, қажетті қосалқы бөлшектерді тауып, алып берген. - Мың алғыс, Қазақстан! Балаларымызбен ыстықта жолда қалдық. Шымкент полицейлері бізге көмектесті. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деп көрші елдің азаматтары ризашылығын білдірді.
“Спасибо, Казахстан”: семье из Узбекистана помогли патрульные в Шымкенте - Машина сломалась прямо на дороге. Никто не останавливался. Только полицейские пришли на помощь, - рассказывает глава семейства. Они с супругой и 5 детьми гостили в Алматы и возвращались домой через Шымкент. В пути семейный автомобиль сломался. Заметив заглохший на дороге транспорт патрулирующий улицы экипаж сразу же поспешил на помощь. Инспекторы Габит Абдрахман и Бакберген Жазыкбай доставили транспорт на СТО, нашли и приобрели нужные запчасти. - Большое спасибо, Казахстан! С детьми застряли в жару на дороге. Шымкентские полицейские нам очень помогли. Огромная вам благодарность, успехов в работе, - выразили признательность граждане соседней страны.