Қазақстан Үкіметі адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады. Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. АПВ-на қарсы және ЖМО дамуымен күресудің жалғыз әдісі – вакцинация. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және ДДҰ ұсынымын ескере отырып, АПВ-ға қарсы екпе салу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады.
Свыше 9,7 млрд тенге выделило Правительство РК на закупку вакцины против вируса папилломы человека Правительство выделило из резерва средства на закупку вакцины против вируса папилломы человека (ВПЧ), что позволит внедрить в Казахстане соответствующую вакцинацию. Постановление подписал Премьер-Министр РК Олжас Бектенов. Средства в размере свыше 9,7 млрд тенге будут перечислены бюджетам областей, городов республиканского значения и столицы в виде целевых текущих трансфертов для приобретения более 351 тыс. доз вакцины. ➤ Рак шейки матки (РШМ), вызываемый вирусом папилломы человека, является одним из наиболее распространенных видов рака в мире – до 13,1% в структуре всех случаев. Каждый год от него умирает порядка 300 тыс. женщин. В Казахстане РШМ занимает второе место по распространенности среди других видов рака у женщин всех возрастов. Ежегодно по республике регистрируется около 1900 новых случаев, при этом более 600 женщин умирает от этой патологии. ➤ Единственным методом борьбы с ВПЧ и развитием РШМ является вакцинация. В соответствии с Национальным календарем вакцинации РК и с учетом рекомендации ВОЗ вакцинация против ВПЧ будет проводиться девочкам 11 лет двукратно с интервалом 6 месяцев. При этом в Казахстане будет применяться четырехвалентная вакцина, которая защищает от наиболее онкогенных типов ВПЧ (6, 11, 16, 18).
Источник.https://t.me/KZgovernment