Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады Су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақтауға мүмкіндік берді. Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады. Бұл ретте республиканың су шаруашылығы құрылыстары ең жоғары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызып жіберуді қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшылық туындаған су нысандарына (көлтабандар, су басқан шалғындар, көлдер) жіберуге мүмкіндік берді. Мәселен, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, осылайша су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы толтыру қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ су тасқыны экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, тасқын суды көптен бері су бармаған жерлерге бағыттады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су жетті. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Соның арқасында, су жолын қадағалау тарихында алғаш рет Сарысу өзені арқылы су Қызылорда облысының көл жүйелеріне жетті. Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су, оның ішінде 3,3 млрд м3 су тасқыны кезінде жіберілді, Каспий теңізіне – 7,4 млрд м3. 2024 жылдың қыркүйек айының басында жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығына 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпте 3,7 млрд м3 су пайдаланылды. Сонымен қатар Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының Чкалов және Садовое (Самарқанд су қоймасының төменгі ағысы), Нұра ауданының Байтуған және Тассуат елді мекендеріне жақын Нұра өзенінің учаскелерін санациялау жұмыстары уақтылы орындалды, сондай-ақ Абай ауданының (Жартас су қоймасының төменгі ағысы) елді мекендерінің маңындағы Шерубай-Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 68 км болатын учаскелерін санациялау бойынша жасалған жұмыстар секундына 1,2 мың м3 тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және елді мекендердің су басуына жол бермеді. Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд м3 болатын 42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд м3 болатын 37 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ шамамен 14,5 мың км болатын ирригациялық каналдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда. Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.
В Казахстане построят 42 новых водохранилища Паводковая ситуация оказала не только негативные последствия, но и позволила саккумулировать более 12 млрд м3 воды в водохранилищах, которая сейчас используется для нужд отраслей экономики Казахстана. К примеру, если в прошлом году общий сброс воды с водохранилищ составил порядка 13 млрд м3 за весь паводковый период, то в этом году за месяц общий сброс воды с водохранилищ составил более 36 млрд м3. При этом водохозяйственные сооружения республики в пиковый напряженный период обеспечили прием и безопасный сброс воды, что позволило направить паводковые воды в водные объекты (лиманы, заливные луга, озера), которые в последние годы испытывали дефицит. Например, наполнение Астанинского водохранилища паводковыми водами позволило сэкономить более 2 млрд тенге, так как отпала необходимость подпитывать водохранилище через канал им. К. Сатпаева. Также паводки позволили улучшить экологическую обстановку, направив воду туда, куда она уже давно не поступала. Например, 80 млн м3 паводковой воды было направлено в Камыш-Самарские озера Западно-Казахстанской области. Из области Ұлытау в Кызылординскую область было направлено 839 млн м3 воды. Благодаря этому, впервые за всю историю наблюдений, эта вода дошла через реку Сарысу до озерных систем Кызылординской области. С начала года в озеро Балхаш было направлено 12 млрд м3 воды, из них во время паводка 3,3 млрд. м3, в Каспийское море – 7,4 млрд м3. На начало сентября 2024 года согласно оперативным данным, из водохранилищ было использовано на сельское хозяйство 8,4 млрд м3 воды, в промышленности 3,7 млрд м3. Кроме того, в Карагандинской области были своевременно выполнены работы по санации участков реки Нура близ населенных пунктов Чкалова и Садовое Бухар-Жырауского района (низовье Самаркандского водохранилища), Байтуган и Тассуат Нуринского района, а также на реке Шерубай-Нура близ населенных пунктов Абайского района (низовье Жартасского водохранилища) общей протяженностью 68 км, данные работы обеспечили безопасный пропуск паводковой воды в расходе 1,2 тыс. м3 в секунду и предотвратили затопление населенных пунктов. Для обеспечения сбора и безопасного пропуска паводковой воды в будущем, планирует построить 42 новых водохранилища с объемом 2,6 млрд м3 воды, реконструировать 37 водохранилищ с общим проектным объемом 3,7 млрд м3, а также строительство и реконструкции порядка 14,5 тыс. км. ирригационных каналов. Эти мероприятия предусмотрены Комплексным планом развития водной отрасли на 2024-2028 годы.
Источник.@KZgovernment