«Аяғы суда, өзі жаңбыр астында»: қолайсыз ауа-райындағы полицейлердің жұмысы желіде талқылануда Шымкентте нөсер жауын кезінде көшелерде көлік қозғалысы қиындады. Темір тұлпарлардың кейбіреуі дәл жол үстінде істен шықты. Кептелістер мен жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін әр көше қиылысында патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқарды. Олар қозғалысты реттеп, жолда бұзылған көліктердің жүргізушілеріне көмек көрсетті. Әлеуметтік желіде Нұрым Жұмақ пен Арман Шаймерденовтің қызмет атқару барысындағы бейнежазбасы тарады. Жаңбырлы күні офицерлер Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысына кезекшілікке түскен. – Жолдың ортасында бұзылып, тоқтап қалған көлікті байқаған кезде біз жол қозғалысын реттеп тұрғанбыз. Жағымсыз жайттардың алдын алу үшін жедел әрекет етіп, көлік құралын жол жиегіне, яғни, қауіпсіз жерге қоюға көмектестік. Біраз уақыттан кейін дәл осы жағдай тағы бір көлікпен қайталанды. Әлбетте, бұл жолы да біз жүргізушіні көмексіз қалдырмадық, - дейді патрульдік полицейлер.
«В воде и под дождем»: Работу полицейских в непогоду обсуждают в сети Во время ливня в Шымкенте было затруднено движение на оживленных улицах города. Некоторые транспортные средства выходили из строя прямо на проезжей части. Во избежание заторов и ДТП на каждом перекрестке несли службу инспекторы полка патрульной полиции. Регулировали движение и помогали водителям сломавшихся в дороге автомобилей. В социальных сетях распространилась видеозапись работы Нурым Жумак и Армана Шаймерденова. В дождливый день офицеры дежурили на перекрестке Тамерлановского шоссе и улицы Аль-Фараби. – Мы регулировали движение, когда заметили заглохшую посреди дороги машину. Чтобы предотвратить нежелаемые последствия быстро среагировали и помогли подтолкнуть транспорт на обочину в безопасное место. Через некоторое время тот же случай произошел еще с одним авто. Конечно, и этого водителя мы без помощи не оставили, – делятся патрульные. Видео с полицейскими опубликовал пользователь TikTok со словами «Респект их самоотверженности. По щиколотку в воде и под дождем продолжают нести службу и помогают попавшим в трудную ситуацию».