Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры
Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі 52. Тел: 21-10-03, 21-03-77
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қазақ труппасы Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» драмасының желісі бойынша 23-24 қазан күндері 18:00-де «АРАМЫЗ ЖЫЛЫП ҚАЛАР» отбасылық драмасының премьерасын өткізеді.
22 қазан күні 11:00-де аталған спектакльдің тапсырылуы өтеді.
Спектакль авторы жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев, қоюшы режиссері Мейрам Хабибуллин.
Аннотация. Сұлу әйелдің бақыт құшағындағы бал күндерінің бағытын «тосын сыйларға» толы тағдыры бір сәтте басқа арнаға бұрып әкетті. Кейіпкер өзінің өлшеулі өмірін ақылмен сүре ме әлде жүрекпен бе? Ессіз ғашық болған жас жігіттің көңілі ақылды да сымбатты жардың нәзік жүрегін жаулаймын деп жанталасады. Ал, адал деген ақ адамы арына қара күйе жақса қалай шыдамақ?!
Рөлдер мен орындаушылар:
Фарида – Жанар Кемалбаева
Қайырбай – Толағай Қарасаев
Райхан – Роза Ерболатова, Әдемі Нәжмеденова
Руслан – Мейрамбек Шакенов, Абзал Құдайбергенов
Нәзікеш – Фатима Бердібекова, Дана Ниязова
Жұлдыз – Назерке Бақытжан