Жүргізуші мас күйінде жол апатын жасаған. Оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қонаев көшесінде «Lada Priora» автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып 41 жастағы әйелді қағып кеткен.
ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын мас күйінде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы баптың белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде көлік басқармаңыз, оның салдары орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Водитель в пьяном виде совершил ДТП, ему грозит до 7 лет лишения свободы.
11 июня т.г. по ул. Конаева 42 -летний водитель автомашины Lada Priora, нарушив правила дорожного движения, при выполнении маневра не убедился, что этот маневр будет безопасен и не создаст помех другим участникам дорожного движения, а при возникновении препятствии не принял меры к снижению скорости вплоть до полной остановки транспортного средства или безопасного объезда препятствия и допустил наезд 41-летнюю женщину.
В результате ДТП пешеход госпитализирована в БСМП города Актобе, где позже от полученных травм скончалась.
Согласно заключениям медицинского освидетельствования, водитель управлял автомашиной в состоянии алкогольного опьянения.
По данному факту проводится досудебное расследование по ст.345 ч.3УК РК «Нарушение правил дорожного движения или эксплуатации транспортных средств лицами, управляющими транспортными средствами в состоянии алкогольного опьянения». Водитель водворен в ИВС УП г. Актобе.
Санкция данной статьи предусматривает лишение свободы на срок от пяти до семи лет с пожизненным лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью.
Департамент полиции Актюбинской области призывает водителей автотранспортных средств строго соблюдать правила дорожного движения. Не садиться за руль транспорта в нетрезвом состоянии, последствия этого могут привести к невосполнимым утратам.