24 июня в парке имени Первого Президента РК прошло торжественное мероприятие, посвященное 30-летию Казахстанской полиции.

24 маусым күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара басталмас бұрын, облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбелік полицейлердің жұмысында қолданылатын арнайы техника мен қару-жарақ көрмесімен танысты.
Арнайы бөлімше қызметкерлері жиналған қонақтарға қоян-қолтық ұрыс пен қылмыскерлерді ұстау элементтерімен таныстырды. Кішкентай қонақтарға аниматорлардың қатысуымен арнайы бағдарлама қойылды. Конкурс жеңімпаздарына тегін балмұздақ таратылды.
Одан кейін өңір басшысы ішкі істер органдарының ардагерлерімен және басқа да қонақтармен бірге "Мінсіз қызметтің мерейлі белесі" кітабының тұсаукесеріне қатысты. Кітапта Ақтөбе облысының Ішкі істер органдарының дамуы мен қалыптасуына, жылдар бойы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға өз үлесін қосқан танымал тұлғалар туралы баяндалған.
Сахнада ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты түрде жедел-іздестіру жұмыстарындағы жоғары көрсеткіштері үшін 7 полиция қызметкері облыс әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ардагерлер мен ІІО қызметкерлерін Қазақстан полициясының мерейтойымен құттықтады.
"Жыл сайын құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы жақсаруда. Мұның бәрі полиция қызметкерлерінің өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін мүлтіксіз сақтау, қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы жауапты қызметі үшін жасалуда.
Полиция қызметкерлерінің мерекесін тойлау - бұл ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен ерлігіне, Отанға және халыққа қызмет етудің үздік дәстүрлеріне құрмет көрсету", - деді Оңдасын Оразалин.
"23 маусым – ар-намыс, батылдық пен парыз мерекесі. Біздің елімізде әрбір полицейдің отбасы бұл мерекені мақтаныш сезімімен қарсы алады.
Бұл күні біз қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерімізді құрметпен еске аламыз, азаматтық борыш алдында соңына дейін адал болып қалған батырларымыздың ерлігін ұмытпаймыз. Олардың есімдері мәңгі жүрегімізде.
Полиция қызметкері болу – қауіпті де, жауапты қызмет. Алдағы уақытта да жаңа Қазақстанның полицейлері ел мен азаматтардың үмітін ақтайды деп сенемін", - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде облыс ПД бастығы Абай Жусупов.
Одан әрі салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауыменұйымдастырылған Полиция департаменті қызметкерлері дайындаған музыкалық нөмірлерді облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері мен полицейлердің отбасы мүшелері тамашалады. Сонымен қатар, ақтөбелік полицейлерді мерейтоймен құттықтауға әнші Асхат Тарғын да келді.
 
24 июня в парке имени Первого Президента РК прошло торжественное мероприятие, посвященное 30-летию Казахстанской полиции.
Аким области ОндасынУразалин сразу по прибытию в парк ознакомился с выставкой специальной техники и вооружения, которое применяется на сегодняшний день в работе актюбинских полицейских.
Сотрудники спецподразделений продемонстрировали собравшимся гостям выступления с элементами рукопашного боя и задержания преступников. Маленьким гостям была подготовлена спецпрограмма с участием аниматоров и бесплатной раздачей мороженого победителям конкурсов.
Затем глава региона вместе с ветеранами органов внутренних дел и другими гостями принял участие в презентации книги «Мінсіз қызметтің мерейлі белесі». Книга посвящена развитию и становлению органов внутренних дел Актюбинской области, известным личностям, внесшим свой вклад в охрану общественной безопасности и правопорядка в различные годы.
На сцене в парке состоялось награждение отличившихся сотрудников полиции. В торжественной обстановке 7 сотрудников полиции за высокие показатели в оперативно-розыскной работе были награждены благодарственными письмами акима области и ценными подарками.
Аким области ОндасынУразалин поздравил ветеранов и сотрудников ОВД с юбилеем казахстанской полиции.
«С каждым годом улучшается материально-техническая база правоохранительных органов. Все это делается для того, чтобы полицейская служба выполняла ответственную работу по обеспечению стабильности в регионе, неукоснительному соблюдению интересов общества и государства, защите прав и свобод казахстанцев.
Празднование праздника сотрудников полиции - это дань уважения профессионализму и мужеству сотрудников органов внутренних дел, лучшим традициям служения Родине и народу» - сказал ОндасынОразалин.
«23 июня – праздник чести, мужества и долга. В нашей стране семья каждого полицейского встречает этот праздник с чувством гордости за защитников Отечества.
В этот день мы с уважением вспоминаем наших коллег, погибших при исполнении служебного долга, восхищаемся подвигом наших героев, которые до конца остались верны перед гражданским долгом. Имена наших героев в наших сердцах навсегда.
Быть полицейским–это рискованная, ответственная и почетная служба. Уверен, что и впредь полицейские нового Казахстана будут оправдывать надежды страны и граждан» - отметил в своей приветственной речи начальник ДП области Абай Жусупов.
Далее торжественное мероприятие продолжилось концертной программой. Насладиться музыкальными номерами, подготовленными сотрудниками Департамента полиции при поддержке местных исполнительных органов, смогли жители и гости областного центра, а также ветераны органов внутренних дел и члены семей полицейских. Поздравить актюбинских полицейских с профессиональным праздником приехал певец Асхат Таргын.

Источник.https://www.instagram.com/p/CfNBJwHMGLu/

Просмотров: 233
Категория: 
�����