Ағымдағы жылдың 25 маусымында сағат 23.30-да патрульдік полиция қызметкерлері Шалқар қаласындағы Желтоқсан көшесінде қызмет атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін "Зил" автокөлігін тоқтатты. Жүк көлігін 58 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Тексеру барысында жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған және көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік аудандық полиция бөлімінің аумағына жеткізілді. Жүргізуші Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
25 июня т.г. примерно в 23.30 часов сотрудниками патрульной полиции во время несения службы по ул.Желтоксан в г.Шалкар, за нарушение ПДД остановлена автомашина «Зил». Грузовиком управлял 58-летний местный житель. При проверке установлено, что водитель управлял ТС в состоянии алкогольного опьянения, будучи ранее лишенным права управления транспортными средствами.
По данному факту проводятся следственные действия ст.346 ч.1 УК РК «Управление ТС лицом, лишенным права управления ТС, находящимся в состоянии алкогольного опьянения». Автомашина поставлена на территорию районного отдела полиции. Водитель водворен в ИВС.