20 июля сотрудниками полиции изъяли пистолет из автомашины «Mitsubishi Galant» жителя Актюбинской области

Ағымдағы жылғы шілде айының 20 жұлдызында Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері 30 жастағы тұлғаның басқаруындағы " Mitsubishi Galant " автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жолаушылар орындығынан "Стражник-18*45т" травматикалық тапаншасы және 2 дана патрондары табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркеліп сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған қылмыс бойынша күдікті тұлға екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін. 

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

20 июля т.г. в г.Актобе сотрудниками полиции в городе Актобе была остановлена «Mitsubishi Galant» под управлением 30-летнего водителя. В ходе досмотра автомашины с пассажирского сиденья был изъят травматический пистолет «Стражник-18*45Т» и 2 патрона.

По данному факту начато досудебное расследование по ст.287 ч.2 УК РК «Незаконное приобретение, передача, сбыт, хранение, перевозка или ношение оружия, боеприпасов», проводятся следственные действия.

Санкция данной статьи предусматривает штраф в размере до двух тысяч месячных расчетных показателей либо исправительные работы в том же размере, либо привлечение к общественным работам на срок до шестисот часов, либо ограничение свободы на срок до двух лет, либо лишение свободы на тот же срок. 

Департамент полиции Актюбинской области напоминает, что лица, добровольно сдавшие незаконно хранящиеся оружия и боеприпасы, освобождаются от административной и уголовной ответственности.

 

 

 

Просмотров: 321
Категория: 
�����