Ақтөбе облысында "Мал ұрысы" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының етін өткізу, сою, сақтау орындарын анықтау, мал сою пункттерін, малды заңсыз тасымалдауды белгілеу, сондай-ақ, ет өнімдерін, базарларды қабылдау, сату пункттерін, ұрланған малдың терісін тексеру осы жедел профилактикалық іс-шараның мақсаттары мен міндеттері болып табылады. Ет өнімдерін жеткізушілердін құжаттардрын тексеру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмысты полиция қызметкерлері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының өкілдерімен бірлесіп жүргізді.
Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жүк және жеңіл автомашиналар тексерілді. ҚР ӘҚБК-нің 406-бабы "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша 32 бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, мал ұсталатын мекенжайларды тексеру нәтижесінде ҚР ӘҚБК-нің 408-бабы "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды күтіп-бағу және серуендету қағидаларын бұзу" бойынша 123 бұзушылық анықталды,
Осы фактілер бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 16 фактісі тіркелді, оның 10-ы ашылды.
Оперативно-профилактическое мероприятие “Скотокрад” завершилось в Актюбинской области.
Целями и задачами данного ОПМ является выявление мест реализации, забоя, хранения туш сельскохозяйственных животных, проверка убойных пунктов, бродячего скота и установление незаконной перевозки скота, а также проверка пунктов приема, продажа мясной продукции, рынков на предмет обнаружения шкур, мяса краденого скота. Проводится работа по проверке у поставщиков мясной продукции соответствующих документов.
Данная работа проводилась сотрудниками полиции совместно с представителями территориальных инспекций Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства РК.
В рамках ОПМ в ходе проведения отработок проверены грузовые и легковые автомашины. Выявлено 32 нарушений согласно статьи 406 КРКобАП “Нарушение законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии”. Также отрабатываются адреса, где содержится скот, в результате выявлено 123 нарушений по статье 408 КРКобАП “Нарушение правил выпаса сельскохозяйственных животных, правил содержания и выгула собак и кошек”,
По данным фактам виновные лица привлечены к административной ответственности.
С начала года на территории области зарегистрировано 16 фактов кражи скота, из которых 10 раскрыто.