Актюбинцы столкнулись с новым видом мошенничества

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!

Ақтөбеліктер алаяқтықтың жаңа түріне тап болды

Негізінен, алаяқтардың айла-амалдарына егде жастағы адамдарға түседі.

Мысалы, 88 жастағы зейнеткерге стационарлық телефон арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы зейнеткерге оның қызының жол-көлік оқиғасын жасап, онда кішкентай қыз зардап шеккенін және зардап шеккен қыздың ата-анасымен мәселені шешу үшін келген курьерге ақша беріп жіберу керек екенін айтқан.

Қатты алаңдаған қарт әйел келген курьерге 1 миллион теңге беріп жіберген.

Полиция департаменті қарт туыстары бар адамдардан ол кісілерге мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін айтып түсіндіруді ұсынады. Мұндай қоңырау түскен кезде белгісіз адаммен сөйлесудің, алаңдаудың және оның айтқанының бәрін жасаудың қажеті жоқ. Ең алдымен, сіз өзіңіздің туыстарыңызбен байланысып, бәрі жақсы екеніне көз жеткізуіңіз керек.

ВНИМАНИЕ МОШЕННИКИ!

Актюбинцы столкнулись с новым видом мошенничества

В основном на уловки мошенников попадаются люди преклонного возраста.

К примеру, на стационарный телефон 88-летней пенсионерке позвонил неизвестный, представился сотрудником полиции. Звонивший сообщил, что её дочь совершила дорожно-транспортное происшествие, где пострадала маленькая девочка.

Мужчина сообщил, что для решения данного вопроса необходимо уладить вопрос с родителями пострадавшей девочки и передать курьеру деньги, который придет.

Пожилая женщина в расстроенных чувствах передала 1 миллион тенге курьеру.

Департамент полиции настоятельно рекомендует рассказать своим пожилым родственникам, как вести себя в такой ситуации. При поступлении подобного звонка не нужно беседовать с неизвестным, впадать в панику и делать все, что он говорит. Прежде всего необходимо связаться со своими родственниками и убедиться, что все в порядке.

 

 

 

Просмотров: 180
Категория: 
�����