"Сіздің қызыңыз апатқа ұшырады": телефон алаяқтарынан өзіңізді қалай қорғауға болады?
Ақтөбе облысында "сіздің туысыңыз апатқа ұшырады" сценарийі бойынша әрекет ететін телефон алаяқтары көбейді. Олар азаматтарға қоңырау шалып, балаларының, немерелерінің немесе полиция қызметкерінің атын жамылып, қомақты ақша сұрайды. Тек айдың басынан бастап осындай себеппен 3 адам полицияға жүгінді.
"Тәуекел тобында" - стационарлық үй телефоны бар жалғыз тұратын зейнеткерлер.
Негізінен, алаяқтар ақтөбеліктерге телефон арқылы олардың туыстарының кінәсінен автомобиль апаттарының болғаны, жәбірленушілердің бар екені туралы айтып, жәбірленушіге ұсыну үшін қолда бар қолма-қол ақшаны курьерден беріп жіберуді талап етеді. Осылайша, жәбірленушілер жақындарына қоңырау шалмай, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтейтініне және туыстарына қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға көмектесетініне сеніп, алаяқтар сұраған соманы береді.
Полиция қызметкерлері қарт туыстары бар адамдардан ол кісілерге мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін айтып түсіндіруді ұсынады. Мұндай қоңырау түскен кезде белгісіз адаммен сөйлесудің, алаңдаудың және оның айтқанының бәрін жасаудың қажеті жоқ. Ең алдымен, сіз өзіңіздің туыстарыңызбен байланысып, бәрі жақсы екеніне көз жеткізуіңіз керек.
Әрі қарай, сіз полицияға қоңырау шалуыңыз керек және ешқандай жағдайда бейтеныс адамдарға ақша аудармауыңыз, бермеуіңіз керек. Бейтаныс адамдарды үйге кіргізудің де қажеті жоқ.
«Ваша дочь попала в ДТП»: как обезопасить себя от телефонных мошенников
В Актюбинской области активизировались телефонные мошенники, действующие по сценарию «Ваш родственник попал в ДТП». Они звонят гражданам и под видом детей, внуков или сотрудника полиции просят крупную сумму денег. Только с начала месяца в полицию обратились 3 человек.
В «группе риска» - одиноко проживающие пенсионеры, имеющие стационарный домашний телефон.
В основном актюбинцам по телефону сообщают, что их родственники стали виновниками автомобильных аварий с потерпевшими и требуют передать имеющиеся деньги курьеру, который приедет за наличностью. Якобы, таким образом они возместят ущерб пострадавшим в дорожно-транспортном происшествии и помогут своим родственникам избежать уголовной ответственности.
Не созвонившись с близкими, потерпевшие передают мошенникам крупные суммы денег.
Сотрудники полиции настоятельно рекомендуют рассказать своим пожилым родственникам, как вести себя в такой ситуации. При поступлении подобного звонка не нужно беседовать с неизвестным, впадать в панику и делать все, что он говорит. Прежде всего необходимо связаться со своими родственниками и убедиться, что все в порядке.
Далее нужно сообщить о звонке в полицию и ни в коем случае не перечислять и не передавать никому деньги. Пускать незнакомых людей в дом тоже не стоит.