С 1 января 2024 года вводится обязательная дактилоскопическая регистрация граждан при получении паспорта и удостоверения личности

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтарды міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі

 Дактилоскопиялық тіркеу - бұл саусақтардың папиллярлық үлгілері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті саусақ ізін тіркеу біздің елімізде 2024 жылдың 1 қаңтардан басталады.

12 жасқа дейінгі балалардан басқа, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті негізде саусақ ізін тіркеуге жатады.

Саусақ іздерін алу ХҚКО-ларда жеке куәліктерді, паспорттарды, шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін ресімдеу кезінде жүргізілетін болады.

Саусақ ізін тіркеудің мақсаты - адамның мүдделерін қорғау, оның заңды құқықтарын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 Артықшылықтары айқын.

 Біріншіден, саусақ ізін тіркеу заңсыз құжаттандырудан қауіпсіздік жүйесін жақсартады.

Екіншіден, соңғы уақытта техногендік, табиғи және өзге де апаттар түрлерінің жиілеп кетуіне байланысты азаматтар тек қажетті заттарсыз ғана емес, сонымен қатар қандай да бір құжаттарсыз қалады. Бұл жағдайда саусақ ізін тіркеу кезінде құжаттарды қалпына келтіру процедурасы әлдеқайда жылдам болады.

 Дактилоскопиялық тіркеуден өткен әрбір адамға жазатайым оқиғалар, апаттар, су тасқыны, жер сілкінісі, өрт, террористік актілер, авиациялық және теміржол апаттары кезінде жеке басын анықтауға кепілдік беріледі.

Үшіншіден, заманауи смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуды одан әрі дамыту мүмкіндігі пайда болады.

Саусақ ізін тіркеудің артықшылықтарын шексіз тізімдеуге болады.

Мысалы, есте сақтау қабілетінің төмендеуінен зардап шегетін адамдар үшін саусақ ізін тіркеу ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, адам өзі туралы ешқандай ақпарат бере алмаған жағдайда (мысалы, есте сақтау қабілеті жоғалған кезде), саусақ ізі туыстарына жоғалған отбасы мүшесін табуға көмектеседі.

Жазатайым оқиғалар жиі бола бермейді, бірақ күнделікті өмірде саусақ ізін тіркеу нәтижелері көмектесетін жағдайлар бар.   Мысалы, құжаттары жоқ қарт адам көшеде ауырып, ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізіледі. Егер дерекқорда оның саусақ іздері болмаса, туыстары оны табу үшін жүгіруге мәжбүр болады. Ал егер бұл адам жалғыз болса? Белгісіз болу мүмкіндігі өте үлкен.

Өкінішке орай, мұндай жағдайлар көп. Денсаулық жағдайына байланысты өз деректерін, тұрғылықты мекенжайын атай алмайтын адамдардың санаттары үшін саусақ іздері қажет. Саусақ іздері оларды анықтауға және үйге қайтаруға көмектеседі.

Немесе тағы бір мысал: жыл сайын 30 мыңға жуық Қазақстан Респубкасынын азаматы Қазақстан Респуликасы шегінен тыс тұрақты тұруға кетуді ресімдейді. Егер адам өзінің төлқұжатын Қазақстаннан тыс жерде жоғалтса, оған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне жүгініп, дактилоскопиялық тіркеуден өткенін айту жеткілікті. Оның құжаттарды қалпына келтіруде проблемалары болмайды.

Саусақ іздерін сақтау қауіпсіздігінен және жүйеден дербес деректердің ағып кетуінен қорқатындар үшін саусақ ізі туралы ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жататынын хабарлаймыз.

Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық ақпараты иесіздендірілетін болады, яғни деректер базасында саусақ іздерінің цифрлық моделі мен бірегей идентификатор ғана қамтылатын болады, онда ТАӘ мен ЖСН дербес деректері жоқ.

Жүйенің құрылымы мен архитектурасының арқасында оларды иесіздендіру автоматты түрде жүреді.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізуде.

С 1 января 2024 года вводится обязательная дактилоскопическая регистрация граждан при получении паспорта и удостоверения личности

Дактилоскопическая регистрация – это получение информации об особенностях строения папиллярных узоров пальцев рук. Обязательная дактилоскопическая регистрация начнется в нашей стране с 1 января 2024 года.

Дактилоскопической регистрации подлежат все граждане Республики Казахстан и постоянно проживащиие в Республике Казахстан иностранцы, кроме детей в возрасте до 12 лет. Дети в возрасте от 12 до 16 лет подлежат дактилоскопической регистрации на добровольной основе.

Снятие отпечатков пальцев будет проводиться в ЦОНах при оформлении удостоверений личности, паспортов, видов на жительство иностранца и удостоверений лица без гражданства.

Цель проведения дактилоскопической регистрации – это защита интересов человека, обеспечение его законных прав, сохранности здоровья и безопасности.

Преимущества очевидны.

Во-первых, дактилоскопическая регистрация улучшит систему безопасности от незаконного документирования.

Во-вторых, в связи с участившимися в последнее время техногенными, природными и иными видами катастроф, граждане остаются не только без предметов первой необходимости, но и без каких-либо документов. В данном случае, при наличии дактилоскопической регистрации процедура восстановления документов будет происходить значительно быстрее.

Каждому человеку, прошедшему дактилоскопическую регистрацию гарантировано установление личности при несчастных случаях, катастрофах, наводнениях, землетрясениях, пожарах, террористических актах, авиационных и железнодорожных катастрофах.

В-третьих, появится возможность еще более развить получение госуслуг удаленным способом через современные смартфоны.

Можно бесконечно перечислять преимущества дактилоскопической регистрации.

Например, для людей, страдающих потерей памяти, дактилоскопическая регистрация имеет особое значение. Также как и в случае, когда человек не в состоянии сообщить о себе какие-либо сведения (допустим при потере памяти), дактилоскопия поможет родственникам найти пропавшего члена семьи.

Несчастные случаи происходят не так часто, но  в повседневной жизни есть ситуации, когда помогли бы результаты дактилоскопической регистрации.

Например, пожилому человеку, не имевшему при себе документов, стало плохо на улице, и в бессознательном состоянии его отвозят в больницу. Если в базе данных нет его отпечатков пальцев, родственникам придется побегать, чтобы его найти. А если этот человек одинок? Шанс остаться неопознанным очень велик.

К сожалению, таких случаев немало. Категориям лиц, которые в силу состояния здоровья не могут назвать свои данные, адрес жительства, дактилоскопирование просто необходимо. Опознать их и вернуть домой помогут отпечатки пальцев.

Или другой пример: Ежегодно выезд на постоянное место жительство за пределы РК оформляют порядка 30 тыс. граждан РК. Если человек потеряет свой паспорт за пределами Казахстана, ему достаточно обратиться в загранучреждение Республики Казахстан и сказать, что он проходил дактилоскопическую регистрацию. Проблем с восстановлением документов у него не будет.

Для тех, кто опасается в безопасности хранения своих отпечатков пальцев и утечке персональных данныхиз системы информируем, что дактилоскопическая информация подлежит защите, которая гарантируется государством.

Дактилоскопическая информация граждан Казахстана прошедших дактилоскопическую регистрацию будет обезличена, то есть в базе данных будет содержаться только цифровая модель отпечатков пальцев и уникальный идентификатор, персональные данные ФИО и ИИН в ней отсутствуют.

Благодарясамой структуре и архитектуре системы их обезличивание происходит автоматически.

В настоящее время уполномоченным органом проводятся испытания системы на соответствие требованиям информационной безопасности.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 305
Категория: 
�����