В Акорде состоялось торжественное награждение граждан, активно участвовавших в противопаводковых мероприятиях

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.

– Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.

– Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев «Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу» деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы ортақ іске мол септігін тигізді, – деді Президент.

В Акорде состоялось торжественное награждение граждан, активно участвовавших в противопаводковых мероприятиях Глава государства выступил на торжественной церемонии по случаю награждения граждан страны, активно участвовавших в противопаводковых мероприятиях. В начале своего выступления Президент отметил, что стихийное бедствие этого года стало одним из самых разрушительных в истории нашей страны. В 10 регионах Казахстана было введено чрезвычайное положение. По всей стране было повреждено более 19 тысяч жилых домов.

– В критический момент наш народ проявил подлинную солидарность. Общими усилиями мы смогли противостоять природной стихии и вновь продемонстрировали наше единство. Спасатели, военные, сотрудники органов внутренних дел и акиматов день и ночь боролись со стихией. Храня верность присяге, они безупречно исполнили свой долг перед Родиной, – сказал он.

В борьбе с наводнениями приняли участие более 63 тысяч сотрудников силовых структур. В ходе спасательных операций было эвакуировано более 120 тысяч человек, в том числе 40 тысяч детей.

– Это стало результатом большой работы наших спасателей и пилотов. Абишу Кекильбаеву принадлежат слова: «Для человека, любящего свою страну, самое большое горе – оказаться оторванным от судьбы своего народа». С первых дней стихийного бедствия особую активность проявила Национальная волонтерская сеть. Более 50 тысяч волонтеров организовали караваны милосердия. Добровольцы участвовали в доставке продуктов питания и других предметов первой необходимости в затопленные регионы. Значительным вкладом в общее дело стала акция Ассамблеи народа Казахстана «Жүректен жүрекке», – заявил Президент.

Источник.t.me/aqorda_resmi

Просмотров: 188
Категория: 
�����