12 млрд тенге выделило Правительство на компенсацию имущественных потерь бизнеса после паводков  

 

Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді  Қазақстан Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап жатыр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқыны салдарын жою бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Қабылданып жатқан шаралардың ішінде азаматтарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету, біржолғы қаржылық көмек көрсету, үйлерді жөндеу мен қалпына келтіру шығындарын өтеу және т. б. бар.  Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмысы басталды. Қазіргі таңда өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады.  Жалпы алғанда, әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 746 ШОБ субъектісі зардап шекті. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері, кафелер, ТҚКО, қонақ үйлер және басқалары бар. Бүгінде бағалау және сметалық жұмыстар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына енгізіледі.  Осылайша, Үкімет резервінен 12 млрд теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады.  Су тасқыны салдарын жою жөніндегі жұмыс Үкімет басшылығының тұрақты бақылауына алынған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төтенше резервтен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында әуедегі электр беру желілерін қалпына келтіруге 2,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.

12 млрд тенге выделило Правительство на компенсацию имущественных потерь бизнеса после паводков  Правительство Казахстана приняло постановление о выделении более 12 млрд тенге из своего резерва для компенсации имущественных потерь малого и среднего бизнеса после масштабных паводков. Региональные комиссии уже принимают заявки предпринимателей.  По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Правительство проводит комплексную работу по ликвидации последствий паводков. Среди принимаемых мер: обеспечение граждан новым жильем, выплата единовременной финансовой помощи, компенсация расходов на ремонт и восстановление домов и т.д.  Начата работа по возмещению ущерба пострадавшему бизнесу. В настоящее время региональными комиссиями рассмотрены и одобрены 178 заявок субъектов малого и среднего предпринимательства на общую сумму 1,5 млрд тенге. В целом, согласно предварительной оценке акиматов, пострадало 746 субъектов МСБ. В их числе продуктовые магазины, кафе, СТО, гостиницы и др. Сегодня проводятся оценки и сметные работы, по итогам которых заявки внесут на рассмотрение региональных комиссий.  Таким образом, более 12 млрд тенге из резерва Правительства будут перечислены бюджетам Акмолинской, Актюбинской, Атырауской, Западно-Казахстанской, Костанайской и Северо-Казахстанской областей для компенсации имущественных потерь МСБ. Работа по ликвидации последствий паводков находится на постоянном контроле руководства Правительства. Напомним, ранее из чрезвычайного резерва также было выделено свыше 2,4 млрд тенге на восстановление воздушных линий электропередачи в Западно-Казахстанской и Костанайской областях.

Источник.https://t.me/KZgovernment

Просмотров: 182
Категория: 
�����