Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды. Мемлекет басшысы бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.
– ШЫҰ кеңістігінде үш миллиардтан астам адам тұрады. Ұйымға экономикасы аса ірі және жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер кіреді. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен бірі осы елдерге тиесілі. Бұл біздің Ұйымның орасан зор әлеуеті мен жаһандық рөлін айқын көрсетеді. Мүше мемлекеттердің даусы мен мүдделері тең дәрежеде ескерілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзін бірегей алаң ретінде көрсетті. Дәл осындай мызғымас демократиялық негізге сүйенген ұзақмерзімді ынтымақтастығымыз жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на заседании Совета глав государств – членов ШОС Во Дворце Независимости состоялось заседание Совета глав государств – членов Шанхайской организации сотрудничества. В начале заседания руководители делегаций подписали решение о приеме Республики Беларусь в состав Организации и предоставлении ей статуса государства – члена ШОС. Выступая перед участниками саммита, Президент Казахстана отметил, что ШОС превратилась в эффективный механизм межгосударственных отношений, действующий на основе «шанхайского духа» дружбы, добрососедства, равноправия и взаимной поддержки.
– На пространстве ШОС проживает свыше трех миллиардов человек. Организация включает в себя крупнейшие и стремительно растущие экономики мира, на долю которых приходится треть мирового ВВП. Это наглядно свидетельствует об огромном потенциале и глобальной роли нашей Организации. ШОС показала себя как уникальная платформа, где в равной степени учитываются голоса и интересы всех ее стран-участниц. Именно на такой незыблемой демократической основе зиждется наше долгосрочное сотрудничество, которое, уверен, будет подкреплено новым содержанием, – сказал он.
Источник.t.me/aqorda_resmi