Жамбылской области полицейские оказывают помощь в ликвидации последствий ЧС в Сарысуском районе

Жамбылдық полицейлер Сарысу ауданындағы төтенше жағдай салдарын жоюға көмектесуде Жауын-шашын салдарынан Жаңатас қаласында 400 астам нысан мен 47 үй су астында қалды. Оқиға орнына облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин және бөлініс бастықтары жедел түрде барды. Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарға барлығы 242 адам, 54 бірлік техника, 24 мотопомпа және 1 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 бірлік техникасы тартылды. Полиция қызметкерлері елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап, су басқан үйлердегі мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялауға қатысуда. Одан бөлек, бекітілген учаскелерде патрульдеу жүзеге асырылуда. Сел тасқыны облыстық маңызы бар "Жаңатас-Саудакент" автожолының учаскесіне зақым келтірді. ПД күшімен қоршау қойылып, елді мекендерге кіру балама жол арқылы қамтамасыз етілуде. Осы бағыттағы жұмыстар департамент басшылығының тікелей бақылауында.

Жамбылской области полицейские оказывают помощь в ликвидации последствий ЧС в Сарысуском районе 7 июля на территории Сарысуского района из-за выпадения обильных осадков в виде дождя произошло формирование и прохождение склонового стока. В результате в Жанатасе произошло подтопление более 400 придомовых территорий и 47 домов. На место происшествия оперативно выехали начальник ДП области Арманбек Баймурзин и его служб. Всего в работах по ликвидации последствии ЧС задействовано 242 человека, 54 ед. техники, 24 мотопомпы и один беспилотный летательный аппарат, в том числе 137 сотрудников и 32 ед. техники ДП Жамбылской области. Сотрудники полиции следят за поддержанием правопорядка в населенных пунктах, обеспечивают безопасность имущества в затопленных домах. Также стражи порядка принимают участие в эвакуации людей. Кроме этого, осуществляется патрулирование на закрепленных участках. Селевой поток повредил участок автодороги областного значения Жанатас-Саудакент. Силами ДП выставлено ограждение, подъезд к населенным пунктам обеспечивается через альтернативный путь. Работа в данном направлении находится на непосредственном контроле у руководства ДП.

Источник.https://web.telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ

Просмотров: 168
Категория: 
�����