Полицейские спасли жизнь женщине в Уральске

Оралда полицейлер тұрғынның өмірін құтқарып қалды 7 қыркүйекте полицияға Самал көшесінде орналасқан 9 қабатты үйлердің бірінде алтыншы қабаттың терезесінде белгісіз әйел адамның отырғаны және секірмек ойы бар деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полицейлер Досым Бисембай, Батыр Альшинов, Дамир Казиханов бірден жетті. Әйелді әңгімеге тартуға тырысқанымен, одан еш нәтиже болмайтынын түсінген полиция қызметкерлері 6-қабатқа көтерілді. Қажетті пәтерді тапқан соң, қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында есікті бұзуға шешім қабылдайды. Осы кезде көмекке түнгі кезекшілікте қызмет атқарып жүрген “Үкі-8” жасағы келіп жетті. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен есікті жартылай майыстырып ашып, ішке қарай ең бірінші Казиханов Дамир кіріп, қалған әріптестеріне пәтерге кіруге мүмкіншілік жасайды. Полиция қызметкерлері әйел адамның терезе жақтауында әлі отырғанын көріп, асықпай, байқатпай тез қимыл жасап, әйел адамды пәтер ішіне еш жарақатсыз түсіріп алады. Содан кейін жедел-жәрдем қызметкерлерін шақыртып, соларға табыстайды. Осылайша, полиция қызметкерлерінің тез шешім қабылдауының арқасында адам өмірі құтқарылды. Сол сәтте сол үйдің қасына жиналған азаматтар полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне риза болып, қол шапалақтарын аямай соқты.

Полицейские спасли жизнь женщине в Уральске Ночью 7 сентября в полицию поступило сообщение о том, что в одном из девятиэтажных домов на улице Самал в окне шестого этажа сидит женщина и собирается прыгнуть. На место происшествия первыми прибыли патрульные полицейские Досым Бисембай, Батыр Альшинов и Дамир Казиханов. Сначала сотрудники полиции пытались вести диалог с гражданкой. Поняв, что это не приносит результатов, они вошли в подъезд и поднялись на шестой этаж. Найдя нужную квартиру, они приняли решение сломать дверь. В этот момент на помощь пришел отряд "Сова-8", находившийся на ночном дежурстве. Согнув дверь с коллегами, Дамир Казиханов вошел в квартиру и открыл ее изнутри. Полицейские увидели, что женщина продолжает сидеть в оконной раме. Быстро и осторожно они затащили ее в квартиру, после чего вызвали медиков и передали горожанку в руки специалистов. Таким образом, жизнь человека была спасена, а собравшиеся возле дома граждане аплодировали действиям стражей порядка.

Источник.https://web.telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ

Просмотров: 153
Категория: 
�����