В Актюбинской области реализован социальный проект «JUMYSTAP»

Ақтөбе облысында «JUMYSTAP» әлеуметтік жобасы іске асырылды Ақтөбе қаласының бірнеше нүктесінде қойылған модульдік пунктерді сатып алуға «Halyk» қоры қолдау көрсетті.

«Бүгінде Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе қаласында «Jumystap» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Өңірде 14-35 жас аралығында 266 мыңнан астам адам бар. Маңызды бастама осы жастардың өмір сүру сапасын арттыру, жаңа табыс көздерін ашу және тұрақты еңбекпен қамтуға бағытталған. Жоба аясында қор қолдауымен Ақтөбе қаласындағы халық көп жиналатын орындарға бес модульдік пункт тегін орнатылып отыр»,- деді Асхат Шахаров.  Жоба аясында жастарға бос жұмыс орындарын табуға, жаңа дағдыларды меңгеруге және еңбек нарығында өзін сынап көруге көмектесу көзделуде. Сондай-ақ, жұмыссыздарды ғана емес, қосымша кәсіп меңгергісі келетін немесе жұмыс орнын ауыстыруға ниет білдірген кез-келген азаматты қолдауға бағытталған. Студенттер, жұмыссыздар, ресми тіркелген азаматтар және зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар да жобаға қатыса алады. Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес ашуға өтінім беру, тұрғын үй мен жер алу кезегіне қою секілді басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңестер беру жоспарланған.  Ең маңыздысы ниет білдірушілер қысқа уақытта жаңа мамандықты тегін меңгеріп шығады. Жергілікті әкімдік пен еңбек мобильдігі орталығының бірлескен жұмысы арқылы жоба тиімділігін арттырылмақ, ал жобаның операторы ретінде облыстық жастар ресурстық орталығы тағайындалды.

«Бұл жоба арқылы халықтың табысын арттырып, олардың өмір сүру сапасын жақсарта алатынымызға сенеміз. «Halyk» қоры елдімекендердегі халықтың әл ауқатын дамытуға арналған әлеуметтік бастамаларды қолдап, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларын дамытуға үлес қосуға әрқашан дайын. Осы жоба мемлекеттік ұйымдар мен жеке қорлардың қоғам игілігі үшін бірлесе жұмыс істей алатынының жарқын мысалы»,- деді «Halyk» қорының директоры Сағынбек Шункеев.  Айтып өтейік, Ақтөбе облысының әкімдігі «Halyk» қайырымдылық қорымен өңірдегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды дамыту туралы меморандумға қол қойды. «JUMYSTAP» әлеуметтік жобасы – бірлескен жобалардың нәтижесі.

В Актюбинской области реализован социальный проект «JUMYSTAP»   Фонд «Halyk» поддержал приобретение модульных пунктов, расположенных в нескольких точках Актобе.  «Сегодня по поручению Главы правительства в городе Актобе реализуется социальный проект «Jumystap». В регионе проживает более 266 тысяч человек в возрасте от 14 до 35 лет. Данная инициатива направлена на улучшение качества жизни этих молодых людей, открытие новых источников дохода и обеспечение их постоянной работой. В рамках проекта при поддержке фонда в Актобе бесплатно устанавливаются пять модульных пунктов в местах массового скопления людей», - рассказал Асхат Шахаров.    Проект призван помочь молодежи находить вакансии, осваивать новые навыки и пробовать себя на рынке труда. Проект ориентирован не только на безработных, но и на всех граждан, желающих освоить дополнительные навыки или сменить работу. Студенты, безработные, официально зарегистрированные граждане и люди предпенсионного возраста смогут использовать проект для трудоустройства и обучения. Помимо поиска работы, планируется также бесплатное консультирование по мерам государственной поддержки, подаче заявок на открытие бизнеса, постановке в очередь на получение жилья и земли, а также по другим социальным вопросам.    Самое главное — желающие смогут бесплатно освоить новую профессию за короткий срок. За счет совместной работы местной администрации и центра мобильности труда будет повышена эффективность проекта, а оператором проекта назначен областной молодежный ресурсный центр.  

«Мы верим, что данный проект позволит повысить доходы населения и улучшить качество их жизни. Фонд «Halyk» всегда готов поддерживать социальные инициативы, направленные на улучшение благосостояния в населенных пунктах, и содействовать развитию образования, здравоохранения и спорта. Этот проект является ярким примером того, как государственные организации и частные фонды могут работать сообща на благо общества»,– отметил директор фонда «Halyk» Сагинбек Шункеев.    К слову, ранее акимат Актюбинской области и благотворительный фонд «Halyk» подписали меморандум о сотрудничестве для развития социальных и благотворительных проектов в регионе. Социальный проект «JUMYSTAP» является результатом совместных инициатив.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 63
Категория: 
�����