В Актюбинской области с мошенников взыскивают похищенные денежные средства

Ақтөбе облысында алаяқтардан ұрланған қаражат өндіріліп алынуда
Ағымдағы жылдың 10 айында облыста 729 интернет-алаяқтық тіркелді. Көбінесе, кибералаяқтар өздерінің қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру үшін жекелеген азаматтардың көмегіне жүгінеді. Олар әлеуметтік желілерде азаматтардан белгілі бір сомаға өз атына банктік қарта ашып беруді сұрайды. Осылайша, азаматтар өз атына тіркелген банк карталарын белгісіз адамдарға береді, оларды алаяқтар әрі қарай өздерінің заңсыз әрекеттеріне, яғни алаяқтық жолмен ұрланған ақшаны аудару схемаларына пайдаланады.
Ақтөбе облысының полиция департаменті банк карталарын интернет-алаяқтарға ұсыну (яғни дроппер болу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуды көздейтінін түсіндіреді.
Жыл басынан бері облыс полицейлері Қазақстан Республикасының әртүрлі қалаларында тұратын 788 дропперді анықтады. Оларға қатысты ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес 600 миллион теңгеге жуық сомадағы ұрланған ақшаны өндіріп алу туралы 326 талап қойылды және қазіргі таңда 273 млн тенге өндірілді.
Мысалы, жәбірленушіге дропперден 1.420.000 теңге сомасында ақша өндіріліп, қайтарылды, тағы бір жағдайда төрт дропперден жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам ақша өндірілді.
«Осыған байланысты, азаматтарды банктік шоттары мен қарталарын бөгде адамдарға бермеуге шақырамыз. Карталарыңызды беру арқылы Сіз алаяқтыққа ықпал етіп қана қоймай, жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті боласыз» - дейді Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Рафаэль Жанұзақ.

В Актюбинской области с мошенников взыскивают похищенные денежные средства
За 10 месяцев текущего года в области зарегистрировано 729 интернет-мошенничеств. Для осуществления своих преступных умыслов киберпреступники часто прибегают к помощи простых жителей. В социальных сетях они за определенную сумму денег предлагают людям открыть банковскую карту на свое имя. Таким образом, отдельные граждане, идя на поводу у злоумышленников, передают последним банковские карты, зарегистрированные на свое имя, которые используются мошенниками при совершении противоправных действий, то есть для перевода похищенных денег у потерпевших.
Департамент полиции Актюбинской области разъясняет, что предоставление банковских карт интернет-мошенникам (т.е. дропперство) предусматривает привлечение к ответственности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
С начала года полицейскими области установлены 788 дропперов, проживающих в различных городах Казахстана, способствовавших совершению преступлений. В отношении них в соответствии со статьей 953 Гражданского кодекса РК было подано 326 исков о взыскании похищенных денег на сумму около 600 миллионов тенге и взыскано боле 273 млн тенге.
К примеру, потерпевшему с дроппера судом взысканы и возвращены деньги на сумму 1.420.000 тенге, в другом случае с четырех дроперов взыскали деньги на общую сумму более 6 миллионов тенге.
«В этой связи, призываем граждан не передавать свои банковские счета и карты посторонним лицам. Передавая свои банковские карты, вы не только будете способствовать мошенничеству, но и будете обьязаны возместить ущерб, нанесенный жертве» - напоминает заместитель начальника Следственного управления ДП Актюбинской области Рафаэль Жанузак.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/p/DCoNF-9MjLy/

Просмотров: 93
Категория: 
�����